Жариялымдар / БАҚ мақалалары

Лаура Қадырова
Семей қаласы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығының құжаттарды пайдалану
бөлімінің меңгерушісі

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саясаттың құрбаны болған Жиенбаев Ахмет кім еді...

Саясаттың құрбаны болған Жиенбаев Ахмет кім еді...ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихындағы аса бір азалы жылдар болғаны белгілі. Күштеп ұжымдастыру, дүние-мүліктерін жаппай тәркілеу, азаматтарды жер аудару, қазақ халқына орны толмас қайғы болды.
Қазақ даласындағы жаппай ашаршылық, қазақтың аса зиялы, бетке ұстар біртуар азаматтарын «халық жауы», «алашордашыл», «ұлтшылдар», «жікшілдер», деген айыппен жазықсыз айыптап, жер аударып, ату жазасына кесіп, жаппай мал, дүние мүліктерін тәркілеп, саяси қуғын-сүргінге ұшыратып, құртып жіберу бұл солақы саясаттың мақсаты болатын.
Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ұлттық тарихымыздың «белгісіз» болып келген беттерімен ғалымдарымыздың танысуына көп мүмкіндік туды. Осындай нақты, деректер еліміздің ірі архивтерінен алынды. Архив құжаттарынан сол заманның зардабы халықты қатты күйзеліске ұшыратып, жан-жаққа бездіртіп, қабырғаларын қайыстырып кеткенін көруге болады.
Осы тақырыпқа сәйкес аса құнды тың деректердің көзі болып, Республикамыздың көне архивтерінің бірі Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы құжаттар қоры болып табылады.
Сақталған құжаттарда саяси қуғынға ұшырап, ату жазасына кесілген бірнеше азаматтардың өмірі туралы деректерді кездестірдік. Олардың көпшіліктері, атап айтсақ Алаш қайраткерлері. Бұл азаматтар туралы деректердің жарық көргені, газет беттеріне мақалалардың жарияланғанын айтуға болады. Дегенмен әлі де есімдері елге танылмай жатқан азаматтар жетерлік.
Осындай елі үшін еңбек етіп, кейіннен солақы саясаттың құрбаны болған азамат, Жиенбаев Ахмет еді.
Сонымен Жиенбаев Ахмет кім, қандай қызмет атқарды өмір баянына тоқталсақ. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы 1935 жылғы Шығыс Қазақстан облыстық Бүкілодақтық Коммунистік Партия Комитеті қорында Жиенбаев Ахметтің жеке ісі сақталған. Құжат сыртында орыс тілінде «Джиенбаев Ахмет Председатель Тарбагатайского РИК-а» деп жазылған. Құжаттың ішінде өз қолымен толтырған жеке парағы және өмірбаяны жазылған. Өмірбаянын орыс тілінде жазған екен, біз осы құжатты еш өзгеріссіз орыс тілінде оқырман қауымға ұсынуды дұрыс деп санадық.

АВТОБИОГРАФИЯ

Я, Джиенбаев Ахмет Сатиевич родился в 1902 году в Семипалатинском уезде Бельагачского района, село Курмангужинск. Отец мой работал у русских кулаков в качестве чернорабочего в селе Лаптиновске, Тополенская Алтайской губернии /сибкрай/.
До 1934 г. он работал грузчиком на мельнице Плещеевской в селе Тополенск и умер в 1914 году от болезни-туберкулеза.
Я от отца остался в 12 летнем возрасте с 2-мя братами и 1 сестрой. Мать у меня была нетрудоспособна, благодаря чему я вынужден был пойти работать У Плещеева, где и работал до 1916 года.
1916 г. по 1919 г. работал в том же поселке у крестянина Каланчина Дмитрия.
С 1919 г. до 1923 г. служил в РККА. Сперва пошел добровольно. После прохождения Военной школы перешел на кадровый состав и уволился из армии по случаю распримеровка полка, возвращаясь с армии на родину поступил на учебу Семгубсовпартшкола, где учился до 1926 г. после окончания учебы Семгубком меня направили В Усть-Каменогорский уезд в качестве пропогандиста Укома ВКП/б/, на Устькаменогорский Уком меня назначил председателем Союза Касчи, где работал до 1927 года. В 1927 г. Семгубком отозвал меня из Устькаменогорского уезда и направил меня в Каркаралинский уезд, где я работал Зав.АПО Укомом до 1929 года.
Каркаралинский Уком ВКП /б/ в 1929 году меня направил на работу председателем Райколхозсоюза, там работал до 1930 года.
В 1930г. благодаря перегиба Каркаралинского района решением Бюро Каркаралинского РК меня исключили из партии за невыполнение указания бюро РК о хлебозаготовке. Но Крайкомом это решение было отменено, как неправильное решение и меня восстановили в ряды ВКП /б/.
Крайкомом в 1931 году меня направили на работу Зам. Управляющим Новлубтреста, там работал до 1932 г. после ликвидации Новлубтреста меня перебросили на работу Директором Казахстанской Зональной опытной Селекционной станции. Главсахара, где находился до 1935 г. По случаю малярийной местности и в виду малярииной болезни моей семьи Крайком меня перебросил директором Курорта «Каменское Плато», работал там до сентября 1935 года по личной моей просьбе / в виду тяжелой болезни моей семьи/ Крайком меня перебросил в распоряжение ВК Обкома ВКП /б/, где в данное время и нахожусь здесь.
15.10.1935 г. А.Джиембаев                               
қол қойылған

Сонымен қатар 1 ақпан 1924 жылғы Большевиктердің Ресей Коммунистік партиясына мүшелікке кандидаттыққа өтуге толтырған жеке парағы сақталған. Жеке парақта өзі туралы мәлімет жазылған онда, отбасын құрмағандығы, Қызыл әскер қатарында жүріп азамат соғысына қатысқандығы туралы жазылған. Және Жиенбаев Ахметті партиялыққа өту үшін ұсыныс жасаған үш азаматтың тізімін көреміз. Онда Тоқжігітов Ш.О, Найманғожин, М.Н, Джантілеуов Ш. деп жазып қолдарын қойған.
Жеке іс парағында жеке түскен жалғыз фотосуреті бар. Басқа фотосуреті жоқ.
Қазіргі таңда Жиенбаев Ахмет Сәтиұлының жалғыз тұяғы Жиенбаев Қырым ақсақал өзінің әкесі жайлы түрлі деректерді іздестіргені белгілі. Нәтижесінде архив құжаттары негізінде әкесінің 1937 жылғы саяси қуғын сүргін құрбанына айналып ату жазасына кесіліп кеткенін дәлелдеген.
1997 жылы 14 ақпан айындағы Семей облыстық ҰҚК-ің Семей облыстық прокуратурасына берген анықтамасында Жиенбаев Ахмет туралы былай делінген: құжат мәтіні орыс тілінде ешқандай өзгертусіз береміз.

"«Жиенбаев Ахмет Сатиевич, 1902 г.р. урож. С Курмангожа Ерназаровского с/совета, Ежовского района Восточно- Казахстанской области, проживал в гор. Семипалатинске, работал инспектором финансирования Ежовского райсовета, семейный:

жена- Жиенбаева Рахима, 1917 г.р., учительница ликбеза кожкомбината;
сын- Жиенбаев Крым, 7 лет;
сын- Марлин, 1 год.
сестра жены-Куменбаева, 56 лет, домохозяйка.
Жиенбаев Ахмет Сатиевич арестован 17 сентября 1937 г. УНКВД по Восточно-Казахстанской области и осужден военной коллегией Верх. Суда СССР от 11 марта 1938 г. по ст. Ст. 58-2, 58-7, 58-3, 58-11 УК РСФСР к расстрелу. Приговор приведен в исполнение 11 марта 1938 г. в гор. Алма-Ата.
Жиенбаев А.С. осужден за то, что он с 1935г. являлся участником контрреволюционной буржуазно-националистической, повстанческо- террористической и диверсионно-вредительской организации, действовавшей в блоке с право-троцкистской организацией и ставившей целью вооруженное свержение Советской власти, отторжение Казахстана от Советского Союза и создание, под руководством Японии, Казахского буржуазного Государства.»

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ҚР Президент архивінің шығарған «Политические репрессии в Казахстане 1937-1938 гг» атты құжаттар жинағында Кеңес одағына қарсы шыққан, ұлтшылдар деген айыппен бірнеше азаматтар тергеуге түсіп, жауап алынған осы жауаптың ішінде Жиенбаев Ахметтің берген жауабын көруге болады.
Бұл мақалада жалғыз ғана саяси құрбанның өмірі жайлы айтылды. Осы секілді әлі де зерттелмеген, есімдері белгісіз жандар қаншама. Сондықтан Егеменді Қазақстанымызда ешкімге тәуелді болмай, әркімнің есігінен бас сауғаламай, аспан аясында, сталиндік саяси-қуғынға ұшыраған, бүкіл өмірлерін елі үшін қиып кеткен қазақтың қаймақтарын зерттеп, елге таныту келешек ұрпақтың парызы деп білеміз.

 

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының
ҒАА және құжаттарды пайдалану
бөлімінің меңгерушісі Л.Қадырова 

Парақтар өзгертілді: 23-05-2017