| Оқу залы |
|
Абай облысы мемлекеттік архиві оқу залының 2024 жылғы жұмысы Абай облысының мемлекеттік архивінде оқу залының тиісті жұмысы жүргізілді. Оқу залына келушілер келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізді: Киун Хван - Азия-Тынық мұхиты Ханян университетінің докторы (Оңтүстік Корея) Достоевский музейі құжаттарымен жұмыс жасады, Д. Д. Зотиков – «Шәкәрім атындағы Университет» КЕАҚ магистранты «История развития речного пароходства в Верхнем Прииртышье (XIX- XXвв.), Омарбаев К. С. - "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ докторанты "Шығыс Қазақстандағы 1918-1921 жылдары ұлттандыру саясатын зерттейді.", Т. А. Кариева - "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ тарих ғылымдарының кандидаты: «ШҚО саяси қуғын сүргін тарихын зерделеу» тақырыбындағы зерттеуін жалғастырды. Абжанова А. Ж.- №11 орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы: «Қаныш Сатпаев және Алаш зиялылары» тақырыбын зерттеді, И. Р. Абдулкаримов - "Семей медицина университеті" КЕАҚ студенті «Истории переселения татар в Семипалатинское Прииртышье XVIIIв.» тақырыбы бойынша құжаттарды зерттеді. Ағзам Е. М. - Шар қаласының жергілікті қоғамдастық мүшесі: «Территория всех округов Чарского района, население Чарского района при СССР» тақырыбы бойынша жұмыс жасады, Е. М. Анохин - Шәкәрім атындағы университеттің студенті «Промышленность города Семипалатинска (1931-1991гг.)» тақырыбындағы құжаттармен жұмыс жасады, Исакаева А. М. - "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ докторанты оның зерттеу тақырыбы: «Жизнь и деятельность Ережеп Итбайулы», С. А. Бағдатова - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің зерттеушісі «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.)» тақырыбы бойынша жұмыс жасады, Подопригора Ю. И. - тарих ғылымдарының кандидаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қорының өкілі «История и культура немцев Семипалатинского региона в конце XIX начало XX вв.» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Ш.А. Жанаева «Педтехникум кезені» тақырыбындағы құжаттарды зерттеді, Осака Токио университетінің докторанты Мацио Кэнди «Международные отношения между Центральной Азией и Китаем в XIX - XX вв.» тақырыбын зерттеді.
Зейнеткерлік жастағы адамдар тарихи құжаттарға үлкен қызығушылық танытады. Кейбіреулер өздерінің ата-бабасын зерттейді, ал басқалары өлкетану кітаптарын шығару үшін ақпарат жинайды. Оларды туған өлкенің тарихына байланысты құжаттар қызықтырады. АОМА-де сақталған 1917 жылдан бастап және қазіргі заманғы газеттер ерекше сұранысқа ие. Архившілер архивтік құжаттарды пайдалану кезінде зерттеушілерге әдістемелік көмек көрсетті. 2024 жылы мемлекеттік архивтің оқу залында барлығы 165 зерттеуші (704 оқу залына бару) болды. Архивтің оқу залының мамандары «Семей Ертіс өңіріндегі тың және тыңайған жерлерді көтеру, ХХІ ғасырдың 20-50 жж.» деректі жинағын шығару үшін құжаттарды анықтау бойынша жұмыс жасады.» |