Жариялымдар

Басылымдар

Шығыс Қазақстандағы мәдениет ісін дамыту ( XIX – XX ғ. 40 –  жылдары), Семей, 2022г.

Атауы

Шығыс Қазақстандағы мәдениет ісін дамыту ( XIX – XX ғ. 40 –  жылдары), Семей, 2022г.

Аннотация

Жинақта Шығыс Қазақстан аумағында  мәдениеттің дамуын көрсететін құжаттар ұсынылған. 1882 жылдан 1945 жылға  дейін жинақты құрастыруда пайдаланылған құжаттар Қазақстан  Республикасының  орталық  мемлекеттік архиві  (Алматы), Ресей  Федерациясының Мемлекеттік  архиві (Мәскеу), Қазіргі  заман тарихын  құжаттандыру орталығында (Семей)  анықталды. Сондай –ақ «Сибирский вестник», «Сибирская газета», « Жизнь Алтая»,  «Прииртышская правда»,  «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған материалдар ұсынылған.

 

Құрастырушылар:

М. И.Перебеева,  Л.Қ. Қадырова, А.Е. Шалыгин,  Н.В. Яковлева, А. Н.Мұсаханов, В.А. Середина,А. Б. Бижанова

 

Басып шығарылған орны

г. Алматы

Шыққан жылы

2022

Бет саны

260
   
Дәуір  сақтаушылары, Семей қ., 2020 ж.

Атауы

Дәуір  сақтаушылары, Семей қ., 2020 ж.

Аннотация

Жинақ  2020 жылдың  29 наурызында өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен  Семей  облысының мемлекеттік архиві – Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру  орталығы» тарихы мен бүгінгі күніне арналған.

Құрастырушылар:

М. И. Перебеева,  Б.Б. Накибаева,   Л.Қ. Қадырова , Н.В. Яковлева, А.Е. Шалыгин,  В.А. Середина, А. Н. Мұсаханов , М. К. Рысбаева

 

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2020

Бет саны

199
   
Семей қаласының Құрметті азаматтары 1968- 2017 жж.

Атауы

Семей қаласының Құрметті азаматтары 1968- 2017 жж.

Аннотация

Альбом Семей өңірінің дамуына елеулі үлес қосқан өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының көрнекті еңбеккерлері, ғалымдар, педагогтар, дәрігерлер, әртістер, ақындар, жазушылар, суретшілер туралы мәліметтерден тұрады. Онда осы құрметті атаққа ие болған 121 азамат туралы мәліметтер қамтылған. Сипаттама мақалаларында жеке мәліметтер көрсетілген: тегі, есімі, әкесінің есімі, туған күні, өмірбаяндық сипаттағы қысқаша мәліметтер, қандай еңбегі үшін атаққа ие болды, атақ берілген күні, қалалық Кеңестің, қала әкімдігінің шешімдерінің нөмірі, атақ берілген кездегі жұмыс орны және тұрған жері.

Құрастырушылар:

Әлиқызы Ә., Қадырова Л.Қ., Мұсаханов А. Н.

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2018

Бет саны

260
   
Мұхтар Әуезов және архив

Атауы

Мұхтар Әуезов және архив

Аннотация

Басылым М. О. Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына арналған. Басылымның мақсаты - "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында" 1919 жылдың желтоқсанынан 1925 жылдың қазанына дейінгі аралықтағы сақталған құжаттар мен фотосуреттер негізінде М. О. Әуезовтың Семейдегі өмірі мен қоғамдық қызметін көрсету. Құжаттардың бір бөлігі алғаш рет жарияланады.
Құрастырушылар: Қадырова Л.Қ., Силина Э.Н., Тусунбаева Т.О.

Құрастырушылар:

Л.К.Кадырова, Э.Н. Силина, Т.О. Тусунбаева

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2017

Бет саны

65
   
Алаштың алыптары

Атауы

Алаштың алыптары

Аннотация

«Алаштың алыптары» фотоқұжаттық альбомы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналады. Фотоқұжаттық альбомды дайындауда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорындағы құжаттар мен фотосуреттер пайдаланылды.

Құрастырушылар:

Ә. Әлиқызы, Л. Қ. Қадырова

   

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2017 год

Бет саны

150
   
Тау Тұлға

Атауы

Тау Тұлға

Аннотация

Бұл басылым Абайтанушы, ғалым, аудармашы, ұстаз Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арналады. Басылымды дайындауда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы Қ.Мұхамедхановтың жеке қорынан алынған құжаттары мен фотосуреттері пайдаланылды.

Құрастырушылар:

Л.К.Қадырова, М.М. Құрманғалиева

   

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2016 год

Бет саны

46
   

Атауы

Развитие Народного Образования в Восточном Казахстане XIX-начало XX вв. /2 томнан тұрады/

Аннотация

Жинақта берілген құжаттар жергілікті оқу орындары қызметінің ерекшелігін, жұмыстарында кездескен келелі мәселелерді, халыққа білім берудің жетілдіру жолдарын көрсетеді. Жинақ 2 томнан тұрады. Жинақтың бірінші томына 1859 жылдан 1919 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын құжаттар енген (Семейде кеңес үкіметінің соңғы орнатылуына дейінгі), екіншісіне 1917-1940 жж. құжаттар енді.

Құрастырушылар

Касымова Г.Т, Перебеева М.И, Шалыгин А.Е.

   

Басып шығарылған орны

Семей қ.

Шыққан жылы

2016 ж

Бет саны

717 бет.
   
   

Кітаптың аты:

Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбалары.10-15 шығарылымдар

Мазмұны: 

Бұл жинақтар Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің  110-жылдық мерейтойына арналған.

   

Құрастырушылар:

Л.Қ.Қадырова, М.М.Құрманғалиева, М.А.Жеделқан

Басылған жері:

Семей қаласы

Басылым жылы:

2014-2016 жж.

 
   
   
Кітаптың аты: Завтра возвращаюсь на фронт…
Мазмұны:  Бұл кітапша Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен Семей қаласы №6 мектеп-гимназисымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 60 жыл толуына орай әзірленді. Семей қаласына соғыс кезінде жер аударылған эвакогоспитальдар құжаттары жайлы, госпиталь қызметкерлерінің естеліктері, фотоқұжаттары жайлы, сонымен қатар Л.Б.Кравченко жетекшілік еткен мектептің өлкетану мұражайының мүшелері жинақтаған әндер мен өлеңдерінен сыр шертеді.
   
Құрастырушылар: Семей
Басылған жері: 2005 ж.
Басылым жылы: 51
 
   
   
Кітаптың аты: Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбалары.1-13 шығарылымдар
Мазмұны:  Бұл жинақтар Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің  110-жылдық мерейтойына арналған.
   
Құрастырушылар: М.Қ.Кәрімов, Г.Т.Қасымова
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2013-2015 жж.
   
   
   
Кітаптың аты: И помнит мир спасенный…
Мазмұны:  Оқырманға ұсынылып отырған "И помнит мир спасенный…" құжаттар жинағы кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70-жылдығына, майданда және тылда үлкен үлес қосқан біздің жерлестерімізге арналады.
   
Құрастырушылар: Касымова Г.Т., Кадырова Л.К., Накибаева Б.Б., Перебеева М.И.
Басылған жері: Семей
Басылым жылы: 2015 ж.
Бет саны: 665
   
   
Кітаптың аты: Семипалатинская старина
Мазмұны:  Бұл басылым Семей қаласының 295-жылдық мерейтойына арналған. Оқырманға ұсынылып отырған кітапшада КСРО және Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, белгілі өлкетанушы, тарихшы, Семей қаласының тарихын үлкен қызығушылықпен зерттеуші В.Н.Кашляктың қорындағы құжаттар мен мұрағатта сақталған қаламыздың XIX ғ.- XX ғ. басын қамтитын фотосуреттерден тұрады.
   
Құрастырушылар: Т.У.Тусунбаева, Р.А.Калиев.
Басылған жері: Семей
Басылым жылы: 2014 ж.
Бет саны: 94
   
   
Кітаптың аты: Ядролық отқа қарсы
Мазмұны:  Бұл басылымның мақсаты-Семей ядролық полигонының құрылу тарихын, оның жүзеге асырылуы және адамдар өмірі мен денсаулығына келтірген зиянын нақты мәліметтермен ашып көрсету.
   
Құрастырушылар: М.И.Перебеева, Л.Қ. Қадырова
Басылған жері: Семей
Басылым жылы: 2014 ж.
Бет саны: 118

Кітаптың аты:
Шығыс Қазақстандағы азаматтық соғыс 1917-1922 жж.
Мазмұны: 
Бұл жинақта 1917 және 1922 жылдар аралығында Шығыс Қазақстанның кең аумағындағы Кеңес үкіметінің орнатылуы мен азаматтық қақтығыстар туралы баяндалған.
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Кәрімов М.К., Перебеева М.И., Полякова Н.А., Сайлаубай Е.Е., Түсінбаева Т.У.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2013 ж
 
 
 
Кітаптың аты:
Ертіс бойындағы Семей тарихының белгісіз парақтары
(ХХ ғасырдың 20-30 жж.)
Мазмұны: 
Жинақта ХХ ғасырдың 20-30 жж. Кеңес өкіметінің Ертіс бойындағы Семейге жүргізген мемлекеттік саясатының әртүрлі аспектілерін айғақтайтын мұрағаттық құжаттар берілген.
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Түсінбаева Т.О.,  Перебеева М.И., Силина Э.Н., Г.М.Қаратаева
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2002 ж.
Парақ саны: 249
 
 
 Кітаптың аты: Ертіс бойындағы Семейдің сауда байланыстары (XVIII - XX ғғ. басы)

Мазмұны:
Жинақта Ертіс бойындағы Семейдің және оның әкімшілік орталығы-Семей қаласының ішкі және сыртқы сауда дамуында  Ресеймен, Орта Азия елдерімен, Қытай Халық Республикасымен тату көршілік қарым-қатынастарда маңызды орын алатынын айғақтайтын мұрағаттық құжаттар берілген.

Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Перебеева М.И., Силина Э.Н., Түсінбаева Т.О.,

Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2004 ж.
Парақ саны: 350
 
 
Кітаптың аты:
Кеңес Одағы Батырлары - Семейліктер
Мазмұны: 
Кеңес Одағы Батырлары шоқжұлдызының 53-і – біздің жерлестер. Бұл кітапша – олардың жасаған ерліктеріне құрмет, жас ұрпаққа – сендердің әкелерің мен аталарың өздерін құрбандыққа қиып әперген жеңіске лайық болуға, олармен қатар Отанға деген
сүйіспеншілік пен ұлылық рухына тең болуға үндеу тастау.
Құрастырушылар:
Перебеева М.И.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2004 ж.
Парақ саны: 56
 
 
Кітаптың аты:
Мазмұны: 
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Перебеева М.И., Силина Э.Н.Түсінбаева Т.О.,
 
 Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2004 ж.
Парақ саны: 350
 
 
 Кітаптың аты:
1932-1933 жж. қазақ халқының ең зор трагедиясы тарихынан
Мазмұны: 
Жинақта 1932-1933 жж. аштыққа байланысты, негізгі тұрғындардың тұрақты мекен-жайларынан бұқаралық қоныс аударуы, Шығыс Қазақстан тұрғындары арасындағы панасыз балалар мен өлімнің көбеюін айғақтайтын мұрағаттық құжаттар берілген. Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған.
Құрастырушылар:
Перебеева М.И., Түсінбаева Т.О., Познанский В.С., Малышева М.П.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2009 ж.
Парақ саны: 268 бет
 
 
Кітаптың аты:
Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқаруы (XVIII ғ. – ХХ ғ. 30 жылдары)
Мазмұны:
Жинақта ХҮІІІ ғ. басынан – ХХ ғ. 30-жылдары аралығындағы ұзақ кезеңдегі Шығыс Қазақстанның әкімшілік басқаруы мен аумақтық құрылым әдістерін айғақтайтын мұрағаттық құжаттар берілген.
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Перебеева М.И., Силина Э.Н., Түсінбаева Т.О., Полякова Н.А.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2006 ж.
Парақ саны: 266
 
 
Кітаптың аты:
Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісінің дамуы (XVIII ғ. –XX ғғ. 30 жылдары)
Мазмұны:  
Жинақта Шығыс Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің негізгі салалары – алтын шығару мен түсті металлдар кендерінің пайда болуын және дамуын айғақтайтын мұрағат құжатттары берілген.
Жинақты құрастыруда пайдаланған құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік қорынан, Шығыс Қазақсанның мемлекеттік мұрағаттарынан және Ресейдің федералды мұрағаттарынан айқын-далды.
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Перебеева М.И., Полякова О.Г., Силина Э.Н., Түсінбаева Т.О.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2008 ж.
Парақ саны: 458 бет, қосым-шалармен 
 
 
Кітаптың аты:
Далалық өлкенің зерттеушісі. Н.Я.Коншиннің таңдамалы еңбектері.  
Мазмұны:
Кітапқа танымал ғалым-өлкетанушы, тарихшы, Семей губерниялық мұрағаты-ның алғашқы меңгерушісі, Семейдегі Орыс-географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің негізін қалаушылардың бірі Н.Я. Коншиннің ең маңызды еңбектері еніп отыр.
Басылым өлкетанушылар, тарихшылар, мұрағатшылар, ұстаздар, студенттер, оқушылар және туған өлке тарихы қызықтырған кең оқырман қауымы үшін қызықты болып табылады.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы:2009 ж.
Парақ саны: 800
 
 
 Кітаптың аты:
Семейлік дивизиялар
Мазмұны: 
Кітапша Семейде құрылған екі –Қызыл Тулы, ІІ дәрежелі Суворов орденінің иегері 8-ші Ямпольск атқыштар және Қызыл Тулы 30-шы Гвардиялық Рига атқыштар дивизияларының даңқты істері туралы ШҚО ҚЗТҚО-да сақталған құжаттардың, сондай-ақ №6 мектеп-гимназиясының өлкетану мұражайының мүшелері 8-ші атқыштар дивизиясының ардагерлерінен жинақтаған фотосуреттер, естеліктер, жеке құжаттар негізінде айтылады.
Құрастырушылар:
Түсінбаева Т.О.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2010 ж.
Парақ саны: 135
 
 
Кітаптың аты:
Алаш Орда үкіметінің шығыс бөлімі
Мазмұны: 
Кітап Алаш Орда үкіметінің шығыс бөлімі туралы мұрағат дерек көздерінің бай материалдарын қамтиды. Түпнұсқалық құжаттар ұлы далада ұлттық мемлекет құрудың берік негізін ашады.
Кітап ғылыми қызметкерлер мен туған елінің тарихы қызықтыратын оқырмандар,а арналады.
Құрастырушылар:
Е.Б.Сыдықов, М.Ғ.Ескендіров, Р.Нұрғали, М.Қ.Қойгелді, Д.Қамзабекұлы, А.А.Әубәкіров, Г.Т.Қасымова, .Қ.Кәрімов, Т.К.Шанбай, Е.Тлешов, Т.О.Түсінбаева, Е.Е.Сайлаубай, Д.Сүлейменова, Л.Қ.Қадырова
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2010 ж.
Парақ саны: 425
 
 
Кітаптың аты:
Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның Шығыс Қазақстанда жүзеге асуы, ХҮІІ – ХХ ғғ басы.
/2 том/
Мазмұны:
Жинақта 1702-1917 жж. аралығында Шығыс Қазақстандағы патша үкіметінің қоныс аудару саясатының жүзеге асырылуын көрсететін мұрағат құжаттары берілген.
Құрастырушылар:
Перебеева М.И., Полякова Н.А., Силина Э.Н., Түсінбаева Т.О, Жылысбаева М.Г.
 
Басылған жері:Семей қаласы
Басылым жылы: 2010 жыл
Парақ саны: 700 бет.
 
 
Кітаптың аты:
Мазмұны: 
Құрастырушылар:
Қасымова Г.Т., Перебеева М.И., Силина Э.Н.Түсінбаева Т.О.,
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2004 ж.
Парақ саны: 350
 
 
Кітаптың аты: Избранные труды Семипалатинских краеведов /1903-1929 г.г./
Мазмұны: Жинақта XІХ ғасыр соңы ХХ ғасыр басында Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің мүшелері болған Б.Г.Герасимовтың, Н.Я.Коншинның, Ә.Бөкейхановтың, Ф.Зобниннің, А.Седельниковтың, Е.Шмурлоның еңбектері ұсынылған. Қазіргі таңдағы сирек кездесетін библиографиялық аталмыш еңбектер факсимильді әдіспен Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Русского географического общества» басылымынан алынған.
Құрастырушылар:  Қасымова Г.Т., Түсүнбаева Т.У., Полякова Н.А.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2012 ж.
Парақ саны: 883
 
 
Кітаптың аты: Противостояние (из истории Семипалатинского полигона) /Сборник документов
Мазмұны:  Жинақта Семей ядролық полигонының қызметі барысында (1949-1989 жж.) ядролық жарылыс сынақтарының зардаптарын және Семей облысы мен Республика жұртшылығының қарсыласуы мен күресін көрсететін мұрағат құжаттары жарық көріп отыр.
Құрастырушылар: Қасымова Г.Т., Өксімбаева Ж.Б., Түсүнбаева Т.У.
 
Басылған жері: Семей қаласы
Басылым жылы: 2011 ж.
Парақ саны: 290
 
Парақтар өзгертілді: 10-10-2022