







Жариялымдар / БАҚ мақалалары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лаура Қадырова Тұңғыш қазақ театрын құрушы Жұмат Шаниннің еңбек жолы архив құжаттарында.. Қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы драматург еліміздің алғашқы режиссерінің бірі, қазақ театрын құрушы Жұмат Шаниннің туғанына биыл 125 жыл. Жұматтың әкесі Тұрғынбай кедей отбасынан шыққан. Шөптікөл шахтасында жұмыс істеген. Күнделікті қиын өмір жағдайына байланысты ол Павлодар қаласына келіп жұмыс істеп жүрді. Алып денелі Тұрғынбай жүк тасушы болып жұмысқа орналасады. Бұл кезде Жұмат 11-12 жаста еді. Ол ауыл молдаларынан білім алып, араб тілінде хат таныды. Жаңа жерде жүріп ол ауылын сағынатын. Қоянды жәрмеңкесін, ондағы түрлі естен кетпес суреттер, балуандар өнері, бәйге, күрес, домбыра үні. Барлығы Жұматтың кеудесінде терең әсер қалдырды. Жұматқа анасының туысы болып келетін, ағасы Алтынбай үлкен әсер қалдырды. Ол кісі Тәттімбеттің өлеңдерін, Біржан Салдың лирикалық әндерін орындаған, ол бала Жұматты домбырада ойнап, ән салуға үйретті. Тұрғынбайдың отбасы орман шаруашылығымен айналысқан. Орман ағаштарын кесіп Омск қаласына апарып сатып отырды. 20 жастағы Жұмат қалаға оқуға баруға тырысады. Осы мақсатпен ол 1913 жылы Омск қаласына келеді. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, ол жұмыс іздеп заводқа жұмысшы болып орналасады. Жұмыстың қиыншылығына төзіп, ортаға үйрене бастайды. Осы уақытта Омск қаласында өте талантты қазақ жастары оқыды. Олар Нығмет Нұрмақов, Сәкен Сейфуллин және басқалар. Осы адамдармен бірге Жұмат «Бірлік» деген жастар ұйымына қатысты. СССР-дің халық әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі, атақты драматург Бекмұхамед Серкебаев Жұматты былай есіне түсіреді: «Қыс мезгілі 1913-1914 жылдары біз Шанин екеуіміз бір үйде тұрдық.Үйдің қожайыны кәрі орыс адамы. Жұмат менен 3-4 жас үлкен болатын. Ол орыс тілінде жақсы сөйледі. Омскіде жиі болып, бос уақытында кітаптарды жиі оқитын, мені таңқалдыратыны ол әңгіме, повестерді емес, негізінен пьесаларды, яғни драмалық шығармаларды көп оқыды». 1916 жылы осы курсты бітіргеннен кейін, Омскідегі машина шығаратын заводтың бас бухгалтерінің орынбасары болып жұмысқа тұрады. 1925-1926 жылдары Ж.Шанин Семейдегі кожсиндикатта басқарма орынбасары болып жұмыс істейді. Оны куәландыратын құжаттар (сауалнама, өтініш, жазбахат) Бұл құжаттардың маңыздылығы қайраткердің өз қолымен жазған және өзінің қойған қолының түпнұсқалығы екендігін айта кетуіміз керек. Құжат мәтіндеріне келсек. Мысалы Р-102, т. 1. іс. 4 қордың атауы (Всероссиский кожевенный синдикат сибирская контора). Жұмат Шаниннің анкетасы, мәтін орыс тілінде жазылған:
2 октября 1925г. Келесі құжат: Семей губерниялық конторасының №78 хаттама көшірмесі берілген 12 май 1926 жыл, Семей қаласы бұл хаттамада Управляющий Елюхиннің, өзінің орынбасары Шанинді Семиярск жәрмеңкесіне іссапарға жіберілсін деген бұйрығы берілген. [3] Ал мына бір құжатта: Сем.губ.Контора ВКС настоящим удостоверяет что отец умершего ребенка Шанина Асылхана, -гр. Шанин Жумат Тургумбаевич состоит на службе кожсиндиката в должности Зам.Управляющего конторой и в данное время находится в командировке. Келесі құжатта отбасының мүшелері жазылған: Жұмат театр және драматургияның кейбір мәселелерімен жұмыс арасында, бос уақытында айналыса бастады. Ж.Шаниннің барлық арманы –қазақ театрын құру еді. Қызылорда қаласында 1926 жылы 13-ші қаңтарда бірінші қазақ ұлттық театры ашылды. Жұмат Қызылорда қаласына келеді. Осы театрда Ж.Шанин үш жыл ішінде елуге жуық пьеса қояды. Оның ішінде І.Жансүгіровтың «Кек», М.Әуезовтың «Октябрь үшін», Б.Майлиннің «Фронт», С.Сейфуллиннің «Қызыл қырандар» пьесалары. 1927 жылы Шанин М.Дәулетбаевтың аудармасымен Гамлетті қойды. Осы уақытта ол әрі режиссер, әрі драматургте болды. Ол «Қу Торсықбай», «Арқалық батыр», «Баян батыр» деген пьесалар жазып, сахнаға шығарды. Осы пьесалардың ішінде үлкен жетістікке жеткен «Арқалық батыр» пьесасы. Жұмат Шанин театрде тек басшы, режиссер ғана емес талантты педагог та болды. Ол көптеген жас актерлерге тәрбие мен білім берді. 26 шы ақпанда 1938 жылы «Халық жауы» деген айыппен тергеусіз, үкімсіз Іле өзенінің бойында атылады. Халқымыз елінің дамуына үлес қосқан осындай нар тұлға азаматтарын әрқашанда жанында ұстау керек. Сөз соңында айтарымыз Еліміздің бостандығы жолына бар өмірін арнаған ардақты азаматтарымыздың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу біздің еншімізде. Әдебиеттер: 1.ҚЗТҚО КММ.Р-48, т.1, іс.198, б.231
|