Ж.Аймауытовтың Семейдегі кездері.
(мұрағат құжаттары сөйлейді...)
Ж.Аймауытов-қазақ халқының творчестволық өркениетін кеңінен таратушы, жазушы, аудармашы, драматург, талантты педагог. Өз кезеңінде ол әнші, актер, режиссер ретінде танылды. Ж.Аймауытов ұлттық «Алаш» партиясының мүшесі Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Ұстанған өмірлік позициясының басты мәні отарлықта болған қазақ халқын құлдықтан азат етіп, біртұтас ұлт етіп біріктіру болған Жүсіпбек Аймауытовтай озық ойлы алаштық интеллигенция өкілдерінің жаппай репрессияға ұшырауы қазақ ұлты трагедиясы болды.
Сол себепті оны 1929 жылы қамауға алып, ұлтшыл алашордашыл деген айыппен 1930 жылы ату жазасын береді.
Осы жағдайдан кейін оның кітаптары кітапханалардан алынды және жазушыны еске алудың өзі қылмыс болып саналды. Уақыт өте келе біз оның қызметі жайлы, бізге қалдырған бай әдебиеттері мен ғылыми зерттеулері жайлы тереңінен таныстық. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялыларының еңбектері толықтай жарыққа шығып оқырман қауыммен қайтадан қауышқаны белгілі.
1989 жылдың басында жазушының творчестволық мұрасын тексерген комиссия жұмысының қорытындысын Республика мәжілісінде қайтадан қарап, қазақ романдарының негізін қалаушы, атақты тілші, ақын аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағанын ескеріп, оның ғылыми-педагогикалық, қоғамдық-әлеуметтік тарихи шындықтарын және әдеби еңбектерін толықтай жарыққа шығарды.
Ж.Аймауытовтың қоғамдық-әлеуметтік қызметі 1919 жылы Семейде басталды, яғни Жүсіпбектің творчестволық таланты, ақындығы осы Семейде көріне бастайды.
Ж.Аймауытовтың өміріндегі Семейдегі кездері туралы мәліметтер, оны айқындайтын толық құжаттары қаламыздың қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған. 1915 жылы Жүсіпбек өзінің сыныптасы Қаныш Сәтбаевпен бірге Семей Мұғалімдер семинариясына оқуға түсіп, 1919 жылы бітіріп шығады.
Оған мұғалім біліктілігі беріледі. Оны куәләндіретін құжат Семей Губерниялық білім беру бөлімі 415 қорда сақталған:
1) Ж.Аймауытовтың Семей мұғалімдер семинария курсын бітіргені туралы куәлік.
2) Ж.Аймауытовтың 2-сыныпты Павлодар училищесін бітіргені туралы куәлік.. Осы жерде оның дүниеге деген жаңа көзқарасы оянып, одан сайын жоғарылай береді.
Ол «Жас Азамат» қоғамына мүше болады және әдеби кештерге қатысып, спектакльдерде ойнап көріне бастады. М.Әуезовпен, Қ.Сәтбаевпен, С.Торайғыровпен, М.Тұрғанбаевпен, Ж.Шанинмен басқа болашақ мәдени қызметкерлермен араласа жүріп, оның дүниеге көзқарасы арта түсті.
Мұрағат құжатына үңілсек 30-шы қарашадан 1-ші желтоқсанға қараған түні 1919 жылы Семей қаласында кеңес үкіметі толық орнайды. Губтөңкерістік комитеті ұйымдастырылады.
1919 жылы 17 желтоқсанда бірінші рет мәжіліс өткізіледі. Оның жеке бөлімдерінің бірі «Инородчески», «Бұратана» деп аталды. Оның меңгерушісі болып М.О.Әуезов тағайындалады. Қазақ жастары М.Әуезовтен бастап кешегі семинаристер Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Ахметбек Сейсенбаев, Ыдырыс Мұстамбаев, Әзімбай Лекеров жаңа кеңес үкіметі үшін қоғамдық қызметке белсенді араласты. Олардың Губ төңкерістік комитетіндегі қызметтері 1919 жылдың 12-ші желтоқсанынан басталды. Мына құжатта:
«Хаттама №73 3-ші наурыз 1920 жыл.
Қатысқандар: Самсонов, Большаков, Ермеков, Белослюдов, Булах, Гаврилов және Аймауытов.
Басталуы кешкі 6 сағат 30 минут.
ТЫҢДАЛДЫ:
1.Семей Губ төңкерістік комитетінің Завадской, Самсонов, Большаков, Аймауытов, Тюленев және кандидат Скибті Сібір төңкерістік комитетінің мүшелігіне тағайындауы.
Қаулы қабылданды:
2.Бекітілсін
1920 жыл 26-шы маусымда өткен Губтөңкерістік комитетінің бірлескен мәжіліс хаттамасының көшірмесі 125\е.
Басқарманың бөлім меңгерушісі Большаков пен Аймауытовқа
Сайлау комиссиясының мүшелері болып жолдас Аймауытов, Зорин, Курамжин тағайындалсын.
03.04.1920 жыл Губерниялық төңкерістік комитеті мәжілісінің №73-ші хаттамасында. «Губ төңкерістік ком мүшелерінің арасында жұмыстар бөлу, Ж.Аймауытовты халықтық білім беру, юстиция қызметін қадағалауға бөлу».
10-шы қыркүйек 1920 жылғы №135 Хаттамада М.Әуезов өзінің орнына Жүсіпбекті қалдырғаны жазылған.
ТЫҢДАЛДЫ:
1.Бөлім меңгерушісі жолдас М.Әуезов өзінің қолдаухатында, білімін жалғастыруға жіберуді өтінген.
Қаулы қабылданды:
«Жолдас Әуезовтың өтінішімен уақытша Қырғыз бөлімін басқару Губтөңкерістікком мүшесі жолдас Аймауытовқа берілсін» -делінген.
1921 жылы Губтөңкерістік комитеті таратылып, оның орнына Губатқарушылық комитеті бекітіледі.
«Қыркүйек айы 1921 жыл.
Халықтық білім бөлімінің жетекшісі Ж.Аймауытов, оның орынбасары Қ.Сәтбаев.
1920 жыл Педагогикалық курс оқытушыларының тізімі берілген бұл тізімде Ж.Аймауытов та бар. «Оқытушы, жасы 28-де, мұғалімдер семинариясын бітірген, еңбек өтілі- 4 жыл.» - делінген.
Барлық осы жұмыстарды атқара отырып Жүсіпбек өзін адал, келешегі бар жақсы қызметші ретінде көрсете білді. Аймауытовтың қызмет бабымен Оренбург қаласына ауысуы жайлы құжаттар Губатқарушылық комитетінің құжаттарында кездеседі.
Құжатта былай делінген «№469 Мандат 9. 12-ші айда берілген (жылы көрсетілмеген). Семей губерниялық атқарушылық комитетінің қаулысымен жолдас Аймауытов, КирЦик-тің өкімімен іссапарға Оренбург қаласына жаңа қызметке жіберілді.
Жолдас Аймауытовқа барлық қоғамдық мекемелер және ұйымдар жәрдем беруге міндетті. Жолдас Аймауытов халықаралық және штаб вагондарында жүруге құқығы бар. Аймауытов он мың көлемінде аванс алды, ол ақшаны жаңа орынға келгенде Губатқарушылық комитетіне қайтаруы керек.
Губерниялық атқарушылық комитетінің төрағасы Жигарев.
Хатшы-Матвеев. – деп жазылған
Губерниялық соттың қорында Ж.Аймауытовтың әйелдерге қатысты мәселе бойынша көзқарасы туралы құжаттар кездеседі. Құжатта былай делінген:1921 жыл. Губсовнарсуд.
Әйелдерге қатысты мәселеге ұсыныс.
Әйелдер мәселесі-қырғыз елінің ең бір жауапты мәселесі болып табылады. Қырғыз халқы Ресей республикасының басқа халықтары сияқты, өз бетімен өмір сүру міндетін алды. Сонда да бостандық алған қырғызстанда қырғыз әйелдері, сататын немесе сатып алынатын зат ретінде тұр. Бұл атақты зұлымдық, онымен тез арада күресу керек. Бұл зұлымдықпен күресу үшін қырғыз халқының саналы өкілдері алға қарай ұмтылды. Ақпан революциясынан кейін және барлық қырғыз сьездінде әйелдерді сату тоқтатылсын, калым жасаудың күші жойылсын деген қаулы қабылданды.
Бірақ бұл қаулы өмірде қолданылмады. Тұрғындарға құқық берілгенде, әйел теңдігі жарияланғанда, қырғыз әйелдері құл болып жүруді жалғастыра берді. Кеңес үкіметіне келгенде де қырғыз елінің назар аударатыны әйелдер мәселесі болды. Барлық айтылған ойлар, әйелдерді сатуды, калым жасауды тоқтату. Осының барлығына қарамастан Совнарсуд назар салып қарамады ма немесе басқа жақтан заң тосты ма, әйтеуір әйел мәселесі жайлы тұрақты көзқарас белгіленбеді және қырғыз аудандық сотына анықталған нұсқаулар берілмеді. Барлық айтылған көзқарастарды қабылдай отырып
Киротдел әйелдерді қорғау,олардың теңсіздігі жайлы өз ойларын білдіре отырып, қырғыз әйелдерінің бостандық алғанын, сатып алу немесе әйелдерді сату мәселесін тоқтатуға ұсыныс жасады. Киротделдің ойынша мұны тоқтату үшін сатушыны және сатып алушыны қатаң түрде жазалау және мүліктерін тәркілеу.
Губерниялық қырғыз бөлімінің меңгерушісі Аймауытов.
Семей қаласы. 20 қазан 1920 жыл.
Қол қойылған.
Келесі Губерниялық соттың қорында №93 1920 жыл «Қазақ тілі» газетінің көшірмесі бар онда «Қырғыз әйелдерін сатуды тоқтатуға байланысты тергеу жұмысы кімнің міндеті» деп жазылған. «Алаш қаласының тұрғыны азамат Жүнісов Түмен өзінің 14 жастағы жалғыз Рузия атты қызын қырғыз Омар Табалгинге екінші әйелі (тоқал) ретінде күйеуге береді. Омардың жасы қырықтан асқан. 14 жасар Рузия үшін 100 бас жылқы, 1 бас таза жүйрік арғымақ, 2 бас түйе және жүз мың ақша берген. Қыздың шешесі Омарға баруына қарсы болады. Ол қызына өзінің жасына сай, өз көңіл қалауымен тұрмыс құрса деген тілеу тілеп еді. Осылайша әйелі мен күйеуінің арасына молдалар түсіп, әйелі ақыры көнеді».
Осындай жазушының негізгі еңбектерінің ішінде «Рабиға», «Сылан қыз», «Ақ білек», әйел теңзіздігі, адат, шариат заңдарымен күрес т.б мәселелерді көтерді. Жүсіпбекті осындай мәселелер жиі алаңдататын, осылайша ол Семей қаласында тұрып, жұмыс істей жүріп әдебиетке ден қойды.
1923 жылдың басында Ж.Аймауытов педагогикалық жұмысқа ауысты. Ол Қарқаралыда, Шымкентте лауазымы жоғары, басшы болып жұмыс істеді.
Шымкенттегі педагогикалық техникумда директор болды. Ж.Аймауытов Қарқаралыдағы бірінші сатыдағы мектепте меңгеруші болып жұмыс істеді, оны растайтын құжат, Губерниялық халыққа білім беру қорында сақталған.
Үлкен қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, Ж.Аймауытов творчестволық қызметпен де айналысты. У.Шекспирдің, Ж.Мольердің, Г.Моппасан, В.Гюго, Д.Лондон, сол сияқты орыс классиктері А.С.Пушкин, Л.Толстой, А.Чехов, М.Горький шығармаларын қазақ тіліне аударады. «Аударма туралы» атты мақаласында ол орыс тілінен қазақ тіліне қалай аудару керек, оның жазылу тәртібі жайлы айтады.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің мақаласында кітапшаларды, ғылыми мақалаларды, әңгімелерді, очерктерді т.б. аударуға байланысты кеңестер береді. Ол педагогика, психология саласындағы зерттеу жұмыстарының авторы, театралды сахналарға бірнеше пьесалары шығарылды. Атап айтсақ «Рабиға», «Сылан қыз», «Шернияз», «Мансапқорлар» «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шарбану» және басқа «Қартқожа», «Ақбілек», «Дәмелі» атты романдары, «Күнекейдің жазығы» повесті, «Қызыл отан», «Жел үстінде» әңгімесі, «Жаман тымақ», «Көк өгіз» атты балаларға арналған әңгімелері бар.
Ж.Аймауытов әнші, музыкант, өте талантты адам болған. Бәрімізге белгілі репрессияға ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың отбасылары, балалары, туыстары барлығы қатаң жазаға ұшырады. Ж.Аймауытовтың жұбайына, балаларына оңай болған жоқ. Үлкен ұлы Бектұр 1937 жылы «Халық жауының ұлы» деп 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Солтүстікке еңбек лагеріне аттандырылды.
Жанақ Аймауытов 1941 жылы «Халық жауының ұлы» деп еңбек әскеріне жіберілді.
Қаламыздың Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорында Ж.Аймауытовтың ең бірінші шығармашылық қызметі жайлы сақталған, аса құнды тарихи деректері мол құжаттары, болашаққа мирас болып қалатыны сөзсіз.
|