







Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Григорьевич Пересыпкиннің туғанына 110 жыл толды. Ол Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самарка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1938 жылы Томск мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Институт жанында жоғары әскери емес дайындықтан өтіп, взвод командирі атағын алды. Институтты бітіргеннен кейін Семей қаласына оралып, Семей геологиялық барлау техникумына физика және электротехника оқытушысы қызметіне жұмысқа орналасты.
Ұлы Отан соғысы басталысымен Ф.Г.Пересыпкин Семей облыстық әскери комиссариатымен Фрунзе атындағы академия жанындағы «Выстрел» курсына Ташкент қаласына жіберілді. Курсты аяқтағаннан кейін лейтенант атағымен Мәскеуге жеке пулемет-артиллериялық батальон штабы бастығының бірінші көмекшісі болып жіберілді. Ал 1942 жылдың маусымында батальон құрамында оңтүстік-батыс майданға аттанды. Батальон құрамында Федор Григорьевич Орталық майданда, 1,2 және 3-ші Белорус майдандарында және 1-ші және 2-ші Прибалтика майдандарында шайқастарға қатысты. Сталинград қорғанысына қатысты. Қызмет атқарған жылдары Қызыл Жұлдыз орденімен және ІІ дәрежелі Отан соғысының екі орденімен марапатталған.
Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылы КСРО Геология министрлігінің бұйрығы бойынша Семей геологиялық барлау техникумына физика және электротехника оқытушысы болып тұрақты жұмысқа жіберілді. Техникумда 16 жыл бойы сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, 7 жылға жуық кәсіподақ комитетінің төрағасы, 15 жылдан астам уақыт техникумның партиялық ұйымын басқарды. 1973 жылы Ф.Г.Пересыпкин зейнетке шығып, техникумда соғыс басталғанға дейін 3 жыл және одан кейін 27 жыл жұмыс істеді. Техникумда жұмыс істеген жылдары Федор Григорьевич Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының екі құрмет грамоталарымен марапатталған.