Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің қызметі туралы ақпарат

Бөлім жұмысының жетекші бағыттарының бірі олармен жұмыстың барлық сатыларында Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету шеңберінде Абай облысының мемлекеттік архивінде тиісті шаралар кешені жүзеге асырылды: жаңадан қабылданған қызметкерлермен тұрақты нұсқама өткізілді, архивтің жеке құрамымен өртке қарсы қауіпсіздік шараларын оқыту бойынша жалпы нұсқама және тәжірибелік сабақ өткізілді.

2025 жылғы 06 ақпанда «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «АОМА» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау тексерісін жүргізді.

2025 жылдың І жарты жылдығында АОМА қоймаларынан 36738 сақтау бірлігі, оның ішінде зерттеушілерге оқу залына 740 сақтау бірлігі берілді.

image-1303-2086.jpg

 image-1303-2087.jpgЕсеп беру кезеңі ішінде құжаттарды сақтаудың температуралық және климаттық жағдайларына тұрақты бақылау жүргізілді, көрсеткіштер бақылау журналдарына енгізілді.image-1303-2088.jpg

Қоймалар үнемі дезинфекцияланады және дезинсекцияланады.

2025 жылдың 1 жарты жылдығында АОМА-да 222 970 сақтау бірлігін шаңнан тазарту және дезинфекциялау жүргізілді

image-1303-2089.jpgЖоспарлы тапсырмаларға сәйкес АОМА-да сақтауда тұрған құжаттардың бар болуына және олардың физикалық жай-күйіне тексеру жүргізілді. Барлығы 13113 бірлік тексерілді.

image-1303-2090.jpg

 image-1303-2091.jpgҚұжаттардың толықтығын тексеру қорытындылары бойынша актілер жасалды, қорлардың карточкаларына, қорлардың істеріне, ҒАА картотекасына, электрондық қордың деректер базасына (ДБ) тиісті деректер енгізілді.

image-1303-2092.jpgАОМА-да 2298 сақтау бірлігі жаңа қораптарға салынды, оған 166 қорап пайдаланылған.

АОМА-да құжаттардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету үшін құжаттарды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың мынадай көлемі орындалды: 751 түбіртекті желімдеу, 436 сақтау бірлігі, 5775 парақты қалпына келтіру, 1275 сақтау бірлігін тігу, 35 істі түптеу.

image-1303-2093.jpg