2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау жөніндегі бөлімнің қызметі туралы ақпарат

"Абай облысының мемлекеттік архив" КММ-де "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылады. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салуларды орындау бөлімінде нормативтік құжаттарда белгіленген шеңберде қызметтің орындалу мерзімдеріне мониторинг үнемі жүзеге асырылады және тиісті іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылайды. Сұрау салуларды тіркеу "құжаттардың бірыңғай электрондық архив" АЖ-да жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасына ай сайын мониторинг қорытындысы бойынша есептер ұсынды. 

image-1302-2084.peg

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандарымен тұрақты байланыста болады. Қызметтестік нысандарының бірі оқыту семинарлары болып табылады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының №1,2, Семей қаласы Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің инспекторлары үшін 2 семинар өткізілді. Семинар тыңдаушылары архивте сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшеліктері, архивтік анықтамаларға апостиль қою, ҚР мемлекеттік архивтен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік құжаттардың көшірмелері, электрондық үкімет порталы арқылы келіп түсетін сауалдардың ерекшелігі туралы білді. Семинар барысында архивтік анықтамалар алғысы келетін азаматтардан өтініштерді дұрыс толтыру үлгілері, құжаттардың көшірмелерін сұрау салуға тіркеу қаралды. 

image-1302-2085.peg

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында келушілер арасында электрондық үкімет порталы арқылы осы мемлекеттік қызметті алу туралы 180 жадынама және 120 дана буклеттер таратылды. 06.05.2025 ж. № 52 "Семей таңы" газетінде "Құнды деректер қоймасы" атты мақала жарияланды. Архивте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда архив мамандары "электрондық үкімет" порталы арқылы осы қызметке өтініш беруге практикалық көмек көрсетеді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 8329 сұрау салуды орындады.