







"АОМА" КММ толымдау және ведомостволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат
Бөлім қызметіндегі маңызды бағыт құжаттаманы, ведомстволық архивтердің жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік басқару және бақылау болып табылады.
2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарлы тапсырмаларға сәйкес бөлім АОМА-ын ғылыми-тарихи, халықтық-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени маңызы бар ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың құжаттарымен толықтырумен айналысты. Кестеге сәйкес АОМА-нің есепті кезеңінде тұрақты сақтау мерзіміндегі құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілді-988 сақт.бірлігі.; жеке құрам бойынша-257 сақт. бірлігі., жеке шығу тегі - 109 сақт.бірлігі.
ҚР спорт журналистері Федерациясының мүшесі, Семей қаласындағы қазақстандық футбол музейінің басшысы Станислав Серкович Сарсековтың (Р-1656), Р-896, Ахмеджан мен Алаш Ахмеджанұлы Қозбағаровтардың біріккен архив қоры, Р-1586, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттар жинағы құжаттарымен толықтырылды.
Бөлім мамандары құжаттармен жұмыс істеу және олардың ведомстволарда сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту сипатындағы семинарлар өткізеді. Тақырыптық семинарлар өткізу, толымдау және ведомостволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандарымен кеңестік жұмыс ведомстволық архивтердің қызметін жетілдіруге ықпал етеді. Бірінші жартыжылдықта сот жүйесі, әділет, ветеринария мекемелері мен ұйымдарының мамандарымен 6 семинар өткізілді.
АОМА және филиалдар жаңа департаменттер, басқармалар құруды, меншік нысанын (құрылтай құжаттарын) өзгерту құрамындағы өзгерістерді (тарату, қайта ұйымдастыру, жоғары тұрған ұйымдарды ауыстыру) және жеке шығу тегі бойынша жинақтау көздерінің тізімін нақтылауды ескере отырып, "Абай облысы мемлекеттік архивтерін жинақтау көздері - мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімін" нақтылау бойынша жұмысты жалғастырды.
Бөлім мамандары Абай облысы, Семей және Курчатов қалаларының мемлекеттік билік органдарының жұмыс тәжірибесіне ЕЭАД АЖ енгізілуін бақылауды жүзеге асырады. Жүйе құжаттарды цифрлық форматта сақтауды қамтамасыз етеді, бұл ақпаратқа қол жеткізуді, іздеуді және басқаруды жеңілдетеді, сондай-ақ электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта ЕЭАД АЖ-ға аудандық деңгейдегі билік органдары мен ауылдық округтер қосылатын болады.