







Архивтік құжаттарды сандық форматқа көшіру
Абай облысы мемлекеттік архивінің (ГАОА) қазіргі заманғы технологиялар тұрғысынан жұмыс жасау үшін ең перспективті бағыттарының бірі архивтік құжаттарды электрондық көшірмелерін жасау үшін сандық форматқа көшіру болып табылады. Цифрландыру нәтижесінде құжаттар бір форматтан неғұрлым қорғалған және тұрақты сақтауға арналған болып екінші форматқа ауысады. Архивтік құжаттарды цифрландырудың түпкі мақсаты құжаттардың қағаз түпнұсқаларының орнына пайдалану үшін бірыңғай электрондық пайдалану қорын қалыптастыру болып табылады. Мұндай процесс ұзақ, әрі ауыр жұмыс болып табылады, алайда құжаттардың толық сақталуын, электрондық ресурстардың қалыптасуын және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құжаттарды сандық форматқа көшіру процесімен АОМА ақпараттық технологиялар бөлімі айналысады. 2025 жылға арналған жоспар бойынша 1377 сақтау бірлігін сандық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 628 іс цифрландырылды.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге де көмектесетін жойылып бара жатқан мәтіндерді қалпына келтіру бойынша Семей губерниялық прокуроры Р-80 қорынан 2 құжаттық сақт.бірлігі бойынша 207 парақтың мазмұны қалпына келтірілді. Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау кезінде тиімді пайдаланылатын «Қалалық атқару комитетінің шешімдері» деректер базасын толықтыру жоспарлы түрде жүзеге асырылды.
Зерттеушілер мен архив қызметкерлерінің тапсырысы бойынша құжаттарды сканирлеу жөніндегі бөлім көптеген жұмыстар атқарды, тақырыптық құжаттарды анықтау жұмыстарын жүргізді – алғашқы жартыжылдықта 1340 парақ сканерленді.