«Архивтік істер саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»

2025 жылдың 9 маусымында    Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалының архившісі Тоқтарова Г.Д. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Аягөз аудандық бөлімі мемлекеттік корпорациясының мамандарымен бірлесес отырып «Архивтік істер саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» туралы оқыту жиынын өткізді.

«Архивтік істер саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»
Оқыту іс -шара барысында Аягөз филиалының архившісі Токтарова Г.Д. "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 275-НҚ бұйрығымен кейбір өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды.

Оқыту іс- шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін ұсыну тәртібі туралыжеке тұлғалар мен сала мамандарын ақпараттандыру.

Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету келесі негізгі нормативтік құқықтық актілермен таныстырды:

  •  Қазақстан Республикасының «Архив ісі және құжаттама туралы» Заңы;

  •  Мемлекеттік қызмет стандарты;

  •  Уәкілетті орган бекіткен қызмет көрсету регламенті.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы айтты:

1.Өтініш беру – электрондық үкімет порталы (wwwegov.kz.), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) немесе тікелей мұрағат мекемесі арқылы жүзеге асырылады.

2.Сұранысты қарау – уәкілетті архив мекемесі жүзеге асырады. Ұсынылған мәліметтердің толықтығы, қажетті құжаттардың болуы және сұранысты орындау мүмкіндігі тексеріледі.

3. Қызмет нәтижесін ұсыну – өтініш берушіге архивтік анықтама, құжат көшірмесі немесе архивтік үзінді беріледі. Егер сұранысты орындау мүмкін болмаса, оның себебі көрсетілген ресми бас тарту хаты жолданады.

4. Қызмет көрсету мерзімі сұраныстың күрделілігіне байланысты болады, бірақ жалпы алғанда, өтініш тіркелген күннен бастап 11 жұмыс күнінен аспайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тегін көрсетілетіндігін айтты. Қызмет көрсетуден бас тарту тек заңнамада көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады (мысалы, архив қорында мәліметтердің болмауы немесе өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық болмауы).

Оқыту іс- шара барысында ХҚКО мамандарымен өтініш беру кезінде кездесетін қателіктер қарастырылды, өтініштерді дұрыс толтыру бойынша ұсыныстар айтылды.Тәжірибеде кездесетін жағдайларды талқылап және сұрақтарға жауап берілді.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалында мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Сонымен қатар, тұрғындар мен жеке тұлғалар арасында архивтік істер саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуі үшін арнайы жасалған жадынама таратты. 

«Архивтік істер саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»

Оқыту іс-шарасы нәтижелі әрі мазмұнды өтті. ХҚКО мамандарыөзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер алды. Бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін мемлекекттік қызмет сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.