







Аягөз филиалының «Архивтік анықтама беру» туралы семинары
Аягөз филиалында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінде нормативтік құжаттарда белгіленген шеңберде қызметтің орындалу мерзімдеріне мониторинг үнемі жүзеге асырылады және тиісті іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Сұраныстарды тіркеу " Электронды құжаттардың бірыңғай архиві" АЖ-де жүргізіледі. 2024 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына ай сайын мониторинг қорытындысы бойынша есептер ұсынылды.
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалының архивистері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімі мемлекеттік корпорациясының мамандарымен тұрақты байланыста болады. Архившілердің оқыту семинарларын өткізуі ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады.
2025 жылы 29 сәуірде Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімі мемлекеттік корпорациясында семинар ұйымдастырылды. Семинар тыңдаушылары Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ- нің Аягөз филиалында сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшеліктері, архивтік анықтамаларға апостиль қою, ҚР мемлекеттік архивтерден шығатын және шетелге жіберілетін архивтік құжаттардың көшірмелері, электрондық үкімет порталы арқылы келіп түсетін сұраныстардың ерекшелігі туралы білді. Семинар барысында архивтік анықтамалар алғысы келетін азаматтардан өтініштерді дұрыс толтыру үлгілері, құжаттардың көшірмелерін сұранысқа тіркеу қаралды.
Архив ғимаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда архив мамандары "Электрондық үкімет" порталы арқылы осы қызметке өтініш беруде тәжрибелік көмек көрсетеді.