







Жариялымдар / БАҚ мақалалары |
Қазақ даласының трагедиясы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл Биыл Семей аймағына аты шулы, жұртымызды елең еткізген Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толады. Қырық жылға созылған Семей жерін сан қақсатып, халықты күйреткен сынақ полигонында атылған жарылыс осы уақытқа дейін ұмытылған жоқ. Семей қаласының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының архив қорында сақталған құжаттар сан түрлі тарихи кезеңдерден көрініс береді. Бұл құжаттарда ядролық сынақ полигонының адам өміріне келтірген зияны, сынақ полигоны аймағына жақын жатқан елді мекендердегі адамдардың денсаулық жағдайлары құжаттарда нақты сандық көрсеткішпен көрсетілген. 1963-1964 жылдары Семей облысы мен Ресейдің Алтай өңірінің кейбір аудандарын біріктіріп карта жасалған. Бірақ бұл карта құпия құжат болғандықтан оны әскери орындарда ұстаған. Мәлімет бойынша қан құрамын тексергенде лейкоциттің азайғанын байқаған. Мысалы: Диспансерге сәуле ауруы мен айқындалмаған диагноздармен жіберілген 87 адамның 27 пайызы лейкопенияға шалдыққан. 1958 жылы Қазақ ССР ғылым академиясының мүшелері, академик С.Б.Балмұхановтың жетекшілік етуімен 30 адам полигон аймағында тұратын адамдардың денсаулығын зерттеуге шығады. Денсаулық сақтау министрлігімен Қазақ КСР ғылым академиясының өңірлік патология институтымен жүргізілген сараптама материалдарынан полигонға жақын аудандар тұрғындарының көпшілігінде кейіннен «Қайнар синдромы» деп аталып кеткен сәуле ауруын анықтады. -Қан құрамындағы лимфоциттердің хромосомаларының өзгеріске ұшырауы 1,5-4,5 ке көбейген. Полигонға жақын аймақтарда өзін-өзі өлтіру жағдайлары жалпы кеңестік деңгейден 1,5 есе жоғарылаған. Әрбір жер асты жарылысы болған сайын облыстың және қаланың медициналық мекемелеріне бару жиілей түскен, балалардың және еңбеккерлердің жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендеген. Абай, Бесқарағай, Жаңа-Семей аудандарын толық медициналық тексеруден өткізгенде 1989 жыл мамыр-маусым айларында қан құрамының өзгеріске ұшырауы, қатерлі ісік ауруының жоғарылауы 86 пайызға өскендігі байқалды. Соңғы 10 жылда туа пайда болған қан аздық 7,3 есе артқан, Семей облысы Республика бойынша ана мен бала өлімі ең жоғары болған. Қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір өскен. Міне осылайша Семей ядролық полигонында 40 жыл жасалған сынақ тұрғындардың денсаулығына үлкен қатер туғызды. Ядролық сынақтың тигізген әсері қазірде байқалуда және оның болашақта тигізетін кері әсері әр азаматты толғандырмайтыны сөзсіз. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
|