Жариялымдар / БАҚ мақалалары

Қазақтың Батыр Ұлы

Ұлы жеңіске 70 жыл.

Л.Қ.Қадырова
Семей қ. КММ Қазіргі заман тарихын
құжаттандыру орталығының
құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі

Қазақтың Батыр Ұлы.
Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ибраевтың мұрағат қорында сақталған құжаттары жайлы

АННОТАЦИЯ
Семей қаласындағы КММ Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Кеңес Одағы Батырларының жеке текті құжаттарын сақтап отыр.  Мақалада Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың құжаттары туралы айтылады. Батырдың балалық шағын бейнелейтін бірқатар құжаттары, майданнан жазған хаттары т.б  оқырман қауымға ұсынылып отыр.
Кілт сөздер: А.А.Ибраев, майдан, Отан, табель, хат, госпиталь, Қызыл-Құйған, Полевая почта.
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Бұл айтулы дата миллиондаған адамдар үшін салтанатты да қайғылы болып келеді, ХХ ғасырдың ортақ тағдыр тәлкегіне ұшыраған және миллиондаған адамдардың өмірін қиған аса ауыр құбылыс.
1941 жылы Неміс-фашист басқыншылары аяқ-астынан бейбіт Кеңес еліне соғыс ашқан еді. Бұл сұм соғыс талай елді зарлатты, балалар жетім қалды, әдемі қалалар, мыңдаған зәулім үйлер қирады, талай отбасы асыраушысынан айырылды. Дүрсілдеген мылтықтың дауысы, атылған бомбалар, қан-жоса солдаттар, тізілген танктер мұның бәрі біздің батыр ардагерлеріміздің есінде мәңгілікке қалды. Осындай жан түршігерлік соғыс жылдарында, барлық күшін аянбай, өз өмірлерін құрбан етіп Отанын жаудан азат етуге, өздерінің балалары, немерелері, шөберелері яғни біздер үшін, болашақ ұрпақ үшін терін төккен батыр, жауынгер ағаларымызға, апаларымызға бас иіп, тағызым етеміз.
Бұл соғыс барлық отбасына қатысты болды. Себебі аталарымыз бен әкелеріміз майданда Отанын қорғаса, ал апаларымыз, әжелеріміз, аналарымыз тылда еңбек етіп, майданға киім-кешек, дәрі-дәрмек, тамақ т.б жіберді. Осылайша ақырғы демі қалғанша соғысып, тылда аянбай еңбек еткен, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ешқандай ұлтқа бөлінбей, бір жапырақ нанды бөліп жеген қарт жауынгер бабаларымыздың еңбегінің арқасында Отанымыз жаудан азат етілді.
Қазіргі таңда 95 жылдық тарихы бар Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің жерлестеріміздің ерліктеріне айғақ болатын құнды деректі құжаттарды сақтап отыр. Сақталған құжаттардың арасында көптеген мәліметтер соғыстан келген хаттар немесе марапат қағаздары, фотосуреттер жиі кездеседі. Ал осындай құнды құжаттардың бірегейі Кеңес Одағының  Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевқа қатысты деректер.
Бұл құжаттардың басқалардан бір ерекшелі, әрі құндылығы оның балалық шағындағы кездерін айғақтайтын, мектеп кезінде оқыған оқу үлгерімі табельдері, математика пәніне арналған дәптері, мектепте оқып жүріп еңбекке ерте араласып, туған жерінде жұмыс жасаған кезде берілген мінездемесі, майданнан өзінің отбасына, ата-анасына, дос қызына жазған хаттарының түпнұсқалары, сонымен қатар КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының председателі Н.Шверниктің Айткеш Ибраевтың әкесі Ыбырай Жұманбаевқа жазған хаттың көшірмесі т.б толық сақталған. Құжаттардың сыртқы жай-күйі жақсы. Әріптері нақты жазылған, оқып танысуға мүмкіндік бар.
Ал енді осы тұрғыда мектептегі табельдері, оқу дәптері қалай сақталды? оны кім жинаған? деген оқырман арасында сұрақтар туындауы мүмкін. Ия, мұндай оқу дәптерлерімен, оқу үлгерімі табельдерін екінің бірі сақтай бермейтіні анық. Қазірдің өзінде оқу жылы аяқталған соң дәптер, күнделіктер қоқыс жаққа кетіп жататыны өтірік емес. Бірақ сол аласапыран заманда, бүгінгі күні бағалы-құнды құжаттар ретінде сақталып отырған Айткеш Ибраевтың құжаттары мұрағат қорына қалай жеткені туралы баяндасақ.
Журналист, жазушы Шаймардан Қалиақпаров А.А Ибраевқа қатысты құжаттарды Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына тұрақты мемлекеттік сақтауға 2004 жылы әкеліп тапсырған. Ол кісі жылдар бойы талай мәліметтер жинап, Айткештің анасымен, апа-қарындастарымен үнемі байланыста болады. Шаймардан аға қолына түскен құжаттарды бәрін жинап, келешек ұрпаққа мирас етіп қалдырып отыр. «Айткештің оқу үлгерім табельі мен математика дәптерін қарындасы Нафисадан алдым»-дейді Шаймардан аға. Әрине бұл құжаттар мемлекеттік сақтауға келіп түспесе, сары сандықтың ішінде жата берсе, біз батырдың бала кезі тұрмақ, соғыстан келген хаттарында, тіпті фото суретінде көрмес едік.
Тапсырылған құжаттарға арнайы 1552-қор нөмірі берілді. Тізімдер  жасалынды. Енді сақталып отырған құжаттардың бәрін болмаса да, аздаған құжаттарды өз қалпында өзгертпей оқырман қауымға ұсынып отырмыз.  

№1
Кзыл-Куйган
Эбетейского с/с
Бельагачского района
Восточно-Казахстанской области
ХАРАКТЕРИСТИКА
Выдана настоящая члену колхоза «Кызыл-Куйган» Эбетейского с/исполкома Жана-Семейского района Семипалатинской области Ибраеву Айтмухаммету в том, что он действительно работал в колхозе «Кызыл- Куйган» с 1934 года по 1942 год.
За время своей работы тов. Ибраев А. Участвовал во всех общественных работах проводимых колхозом, одновременно был отличным активистом, который боролся за недостаток колхоза, ликвидируя агитработников. По отношению к колхозникам тов. Ибраев А. был очень хорошим товарищем, увлекался привлечением трудящихся масс к общественно-полезным работам.
Тов. Ибраев А. четыре раза был премирован за стахановскую работу.
Характеристика дана на предмет предьявления удостоверяющая личность тов. Ибраева. [1]

 

Председатель колхоза                                                                Устинов
Счетовод                                                                                       Ибрагимов

№2
ГЕРОЮ СОВЕТСКОГО СОЮЗА
тов. Ибраеву Айткеш Абаевичу

За Ваш геройский подвиг, проявленный при выполнении боевых заданий командования на фронте борьбы с немецкими захватчиками.
Президиум Верховного Совета СССР своим Указом от 24 марта 1945 года присвоил Вам Героя Советского Союза. [2]

Председатель Президиума
Верховного Совета СССР                                                  Н.Шверник

Секретарь Президиума
Верховного Совета СССР                                                   А.Горькин

Москва-Кремль, 25 мая 1951 года
Копия верна.

 

№3
ПРЕЗИДИУМ ВЕРХОВНОГО СОВЕТА
Москва-Кремль                                                                   30 июня 1951 года
Жуманбаеву Ибраю
Уважаемый Ибрай Жуманбаев!
По сообщению военного командования Ваш сын старшина Ибраев Айткеш Абаевич погиб смертью храбрых в бою за Советскую Родину.
За геройский подвиг, совершенный Вашим сыном ИБРАЕВЫМ Айткешем Абаевичем в борьбе с немецкими захватчиками, Президиум Верховного Совета СССР Указом от 24 марта 1945 года присвоил ему высшую степень отличия-звание Героя Советского Союза.
Посылаю Вам грамоту Президиума Верховного Совета СССР о присвоении Вашему сыну звания Героя Советского Союза для хранения как память о сыне-герое, подвиг которого никогда не забудеться нашим народом. [3]

Председатель Президиума
Верховного Совета                                                                             Н.Шверник

Копия верна

 

№4

Войсковая часть
полевая почта 37659
27 октября 1944 года
№ ОК/0233

Дорогой товарищ, Абай Ибраев

         Ваш сын старшина Ибраев Айткеш Абаевич в бою за социалистическую Родину, верный войнской присяге, проявив мужество и геройство, погиб 27.07. 1944 года смертью храбрых.
Не раз тов. Ибраев в жестоких схваток с врагом нашей любимой Родины проявил бесстрашие, смелость и находчивость.
Не один фашист лег костьми от руки славного воина, Вашего сына.
Родина-мать не забудет своих сынов. Отдавших свою жизнь за свободу и независимость.
Посылаем Вам временные удостоверение №554418 и 221043 на те награды, которые Ваш сын получил еще при жизни за свои боевые подвиги.
Храните их, как память о светлом облике Вашего сына, смелого воина Красной Армии. [5]

Командир в/части 37659                                          Пинигин
Начальник  штаба                                                    Резников
№5

Амандық хабар.

19-июль 1944 г.
Аса қымбатты ата-анама! Куляш, Баткен, Нюскен, Садикуль, баршаларыңызға мен Айткештен сансыз сағынышты фронттық сәлем. Қалай ден сау аман-есен жақсы күйлі жүріп жатқан боларсыздар. Менде бір құдай деп ардақты отандық міндетімді атқарып жатырмын. Ал Аға! Менің жіберген ақшаларымды алсаңыз хатқа жазыңыз және Күләш неге үйде соны айырып жазыңыз. Елдің тұрмысын, астықтың беті қалай толық жазыңыз. Өздеріңді қатты сағынып жүрмін, амал не. Бөтен елдің жерімен Берлинге қарай жол сап барамыз. Ағайын, туған туысқандарға көп-көп, сансыз сәлем. Адам, ел мен жұртты өте өгейсіп сағынатын көрінеді. Мені көп ойламаңдар, бір жалғыз ойласын, сол кісінің арқасында ел қатарлы жүріп жатырмын. Денге саулық берсе, қысқа қарсы үйде боламын. Ал хош сау болыңыздар, амандықпен көруге жазсын, сағынып хат жазушы балаларың Айткеш! [4]

Қол қойылған
№6

Каз. ССР
г. Семипалатинск
Жана- Семейский р-н
Эбетейский с/с. к/з «Кызыл-Куйган» Жуманбаеву Абаю
Полевая почта 36917.

Аса қымбатты Ата-Анама! Баткен, Нюсеш, Садикуль баршаларыңызға мен Айткештен сансыз сағынышты госпитальдық сәлем. Қалай аман-сау жақсы күйлі жүріп, жатқан боларсыздар. Мен әлі жазылған жоқпын, госпитальда емделіп жатырмын. Мен хатты күн аралатып жазып тұрамын, алып жатқан боларсыздар. Ел жұртты қатты сағынып, жүрмін әсіресе ата-ана сіздермен қарындастарымды өте қатты сағынып жүрмін. Сіздерді ойлап түнгі ұйқым бөлінеді. Апа! Баткен мен Нюсеш мені аузына ала ма? Жоқ ұмытты ма? Екі жылдың ішінде көп өзгеріс болды егер барсам танымау керек қой, олар түгіл сіздердіңде тануларың қиын болар, өйткені Айткешің қартайып қалды, сақалы мен мұрты бар. Аға! Баткен не істейді? Оқып жүр ме, жоқ оқуға бермедің дер ме? Соны жазып жібер. Ал хош сау болыңыздар амандықпен көрісуге жазсын амандық білдіріп хат жазушы Айткеш! Дәм тартып, денге саулық берсе қысқа таман үйден күтіңдер. [4]

26.04.44г 
Қол қойылған.

Міне, Айткеш Абайұлының туған еліне, ата-анасына, қарындастарына сағынышты хаттары осылай деп, сыр шертеді. Осы жазған хаттары оның соңғы хаттары болған секілді, себебі батыр ұл толық үш ай өткенде, 27 шілде 1944 жылы ерлікпен қаза табады.
Біз мұрағат қорында сақталған Айткеш Ибраевтың құжаттарына  сараптама жасап отырып, батыр ұлдың бала кезінен бастап, ержүрек, қайсар, еңбексүйгіш, ата-ана сыйлау, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, отан сүйгіштік, т.б қасиеттеріне куә болдық. Қазақтың маңдайына біткен батыр ұлдарының бірі Айткеш Абайұлы Ибраевтың ерлігі барлық адамзатқа үлгі өнеге болмақ.

Пайдаланған деректер тізімі:

1. КММ ҚЗТҚО. Қ-1552, т. 1, іс. 3,
2. КММ ҚЗТҚО. Қ-1552, т. 3, іс. 4,
3. КММ ҚЗТҚО. Қ-1552, т. 1, іс. 10.
4. КММ ҚЗТҚО. Қ-1552, т. 1, іс. 12
5. КММ ҚЗТҚО. Қ-1552, т.2, іс. 4

РЕЗЮМЕ
Статья посвящена Герою Советскому Союзу Айткеша Абаевича Ибраева. Подготовлена на основе документов, хранящихся в Центре документации новейшей истории Восточно Казахстанской области в г. Семей.

 

Суретте:
1. А.А.Ибраев
2. Оқу үлгерімі табелі

 

Парақтар өзгертілді: 18-01-2016