Императорлық орыс географиялық қоғамының батыс сібір бөлімі семей бөлімшесінің шығарған басылымдары қайтадан жарыққа шықты
Лаура Қадырова
КММ Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығының ҒАА құжаттарды пайдалану
бөлімінің меңгерушісі
Императорлық орыс географиялық қоғамының батыс сібір бөлімі семей бөлімшесінің шығарған басылымдары қайтадан жарыққа шықты.
АННОТАЦИЯ
Мақалада Императорлық орыс географиялық қоғамының батыс-сібір бөлімі Семей бөлімшесінің шығарған басылымдарының қайтадан жарыққа шығуы, жалпы осы басылымдар туралы баяндалған.
Кілт сөздер: Император, батыс-сібір, географиялық қоғам, Прииртышье, өлкетанушы.
1902 жылы 31 наурызда Семей қаласында туған өлкенің тарихымен айналысатын, өлке тарихына маңызды роль атқаратын Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімі ашылады. Бұл мекеменің ашылуына 1898 жылы Семей облысының әскери губернаторы А.Ф.Карпов Семейде Географиялық бөлім мекемесін ашу туралы Императорлық орыс географиялық қоғамының вице президенті, сенатор П.П Семеновқа хат жолдайды. Көпке ұзамай 1900 жылы ақпан айында Батыс-Сібір бөлімінің председателі Шмидт А.Ф.Карповқа бөлімшенің ашылатыны жайлы жақсы хабар жолдайды.
Орыс географиялық қоғамының және оның бөлімшелері Омбы қаласындағы бөлімше (Батыс-Сібір бөлімі), Орынбор бөлімі орталығы Орынбор қаласы, Түркістан бөлімі орталығы Ташкент қаласы және Семей қаласындағы бөлімшелердің ашылуы тарихты зерттеу, оның ішінде Қазақстанның толық қанды экономикасы мен мәдениетіне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шешуші маңызды рөл атқарды. Орыс географиялық қоғамының корреспонденттері Г.Н Потанин, А.Н Абрамов, Е.П Михаэлис және т.б зерттеушілер барлық өлкедегі қазақ халқының тарихын, экономикалық, саяси жағдайларына әр кезең бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген.
1856-1857 жылдары Қазақстанның шығыс өңіріне П.П Семенов Тянь-Шанский саяхатқа шығады, ол өзінің еңбектерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігі саяси-экономикалық өмірі жайлы көптеп жазып мысалдар келтірген.
Сонымен қатар қазақ халқының өмірі жайлы, Семей өлкесінің тарихын аса қызығушылықпен зерттеп үлкен қор қалдырған, ХІХ ғасырдың өлкетанушысы Н.Я.Коншин еді. Яғни, орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің ашылуына ықпал етіп, демеушілік жасаған алғашқы тұлға болатын. Н.Я.Коншин 1904 жылы Орыс географиялық қоғамының күміс медалі мен марапатталады.
Семей өлке тарихын зерттеуші өлкетанушылар өздерінің еңбектерін баспа беттеріне үзбей жариялап отырды. Бұл бөлімше өзінің жұмыс барысында өлке тарихы туралы 15 басылымды жарыққа шығарған.
1903 жылы Н.Я. Коншиннің бастамасымен Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесі жазбаларының алғашқы шығарылымы жарық көреді.
Бұл басылымдар Семей бөлімшесі өлкетанушыларының мақалалары мен ізденістерін көпшілікке ұсынған. С.Б.Герасимовтың Бұхтарма жерінің сипаттамасы, Күршім жеріндегі қазақ халқының тұрмысы, Батыс-Сібір бөлімінің қызметі туралы есептері және тағы басқа Е.П. Михаэлис, А.Н. Белослюдов сияқты атақты өлкетанушылардың құнды еңбектері жарияланды.
Мысалы: №1ші шығарылымда Н.Я.Коншиннің «Материалы для истории Степного края. К истории Каркаралинского и Аягузского округов в 30-40 х годов ХІХ века» деп аталатын 11 бөлімнен тұратын шығармасы жарық көрген. Шығармада Н.Я.Коншиннің қазақ хандары, би, сұлтандарының тіршілігі, Бөкей ханның ата-бабаларын зерттегені, және Кенесары Қасымовтың тарихи көтерілісі туралы ауқымды тарихи деректері жазылған.
Екінші нөмірінде Алаш орда үкіметінің ірге тасын қалаушы Әлихан Бөкейхановтың «Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова» деген мақаласы жазылған екен. Тағы осы бөлімде Н.Я.Коншиннің «Заметка об одном киргизском джуте» мақаласында қазақ басына төнген жұт туралы жазады. Жинақтың 6 бөлімінде Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің 1902-1911 жылдар аралығындағы бөлімше мүшелерінің тізімі көрсетілген. Бұл тізім ішінде орыс халқының зиялыларымен қатар, біздің қазақтың зиялы қауым өкілдерінің есімдері де жазылған. Демек оларда осы қоғамның мүшелері болғанын көрсетеді. Мысалы: «Состав подотдела: Кульджанов Нургали Кульджанович, Кульджанова Назифа Сегизбаевна, Акпаев Якуб (Жақып) Акпаевич, Елькибаев Рахметулла Мингалеевич, Иманкулов Джамбек, Кудайбердин Шакарим, Марсеков Райымжан»- деп жазылған. Ал жинақтың 8-ші шығарылымында Борис Герасимовтың мақалалары, баяндамалары жазылған. Мысалы «Памяти Евгения Петровича Михаэлиса» деген мақаласында, «2-го декабря 1913 г. В Устькаменогорске скончался Е.П.Михаэлис. В 1879 и 1880 г.г Михаэлис посетил верховья Иртыша для изучения условии судоходства по Тихому Иртышу и оз. Зайсану. Евгении Петрович считался знатом Степного края. Его наблюдательный ум быстро подмечал все интересное и заслуживающее внимание. Абая-простого киргиза Михаэлис поднял на такую высоту, что Абай потом вспоминал Евгения Петровича с трогательной любовью и слезами. Познакомившись с Кунанбаевым и заметив его недюжинные способности, Михаэлис обратил на его воспитание серьезное внимание. В продолжении нескольких лет Абай имел самое тесное общение Евгением Петровичем. Ежегодно Абай гостил в г. Семипалатинске с декабря по март, проводя все вечера в беседах с Михаэлисом. Это воспитание дало свои результаты. Абай стал другим человеком. Его талант со всей силой проявился в целом ряде поэтических произведений, которые захватили степь и сделали имя Абая весьма популярным».
12-ші бөлімге 1907 жылы жазылған Борис Герасимовтың «Сыльные поляки в Семипалатинской области» деген мақаласы еңгізілген. 13-ші бөлімде Потаниннің «Монгольские сказки и предания» деп аталатын ертегілері жазылған. Бұл шығарылымдарда жарық көрген әр шығарма өте қызықты, кез-келген өлкетанушыдан бастап, тарихшыларға яғни, барлық оқырман қауымның қызығушылығын туғызатыны белгілі.
Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесі жазбаларының түп нұсқалары Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында, қаламыздың өлкетану мұражайында, Ф.М. Достоевский мұражайы, Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласының кітапханасында жинақталған. Бірақ айта кететін жағдай жинақтың барлық нөмірлері ҚЗТҚО-да толық сақталмағандықтан, мұрағат қызметкерлері осы аталған мекемелермен байланыс жасап 1-15 нөмірлі жинақты тауып алды. Нәтижесінде үлкен ізденіс жасай отырып, біздің Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкерлері жинақталған басылымдардың бастан аяқ компьютерлік терілімнен өтпеген, кітапшаның факсимильді нұсқасын басып шығарды. Және де, Семей өлкетанушыларын, тарихшыларын, мұражай, кітапхана қызметкерлерін шақырып басылымдардың тұсау кесерін жасады.
Міне Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жылдар бойы зерттеу жүргізген еңбектерінің арқасында жарық көрген бұл басылымдар осылай деп сыр шертеді. Қазіргі таңда сол заманғы өлкетанушылардың жасаған еңбектерін, яғни ескі дәстүрді қаламызда ашылған «Прииртышье» өлкетану қоғамы жалғастырып жатыр.
Семей қаласының сан ғасырлық тарихы бар. Осы тарихтың жарқын беттерінің бірі, 19-шы ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы Семей өлкетанушыларының жасаған еңбектері болып табылады. Сондықтан бұрын жарық көрген басылымдардың жаңадан өңделіп, бірнеше басылымдардан тұратын кітапшалардың өлкетанушылармен қайтадан қауышуы үлкен еңбек және қуаныш.
Пайдаланған деректер тізімі:
1. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы (ҚЗТҚО) «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического общества» басылымдарының 1-13 шығарылымдары.
|