Жариялымдар / БАҚ мақалалары

Халыққа қызмет көрсету басты міндет

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету жұмысы өте жоғары деңгейде қойылған. Осыған орай Семей қаласының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Коммуналдық мемлекеттік мекемесі халыққа жаппай қызмет көрсетуде тынбай еңбек етіп келеді. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ең негізгі, басты атқаратын қызметі бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет мемлекеттер мекемелері мен азаматтарына мұрағатта сақталған құжаттар негізінде әлеуметтік-құқықтық сұраныстар орындайды және құжаттардың көшірмелері мен мұрағаттық анықтамалар береді. Соңғы бес жылда әлеуметтік-құқықтық сұраныстардың өсуі өте көп байқалуда, сол себепті жылына 8 мыңнан аса сұраныстар орындаймыз. Әлеуметтік сұраныстар түрлі бағыттарда келеді, мысалы еңбек өтілін, тұрғылықты жерін, еңбек ақысын растау, басқа жақтан жер аударып келгені жайлы мәлімет, балалар үйінде болғанын, полигон аймағында тұрғандарын растау туралы сұраныстарымен жиі хабарласады. Егер сұраныс берген адамның жұмыс жасаған мекемелерінің құжаттары тұрақты сақтауға келіп түскен болса, онда ол адам оң, мәліметі толық мұрағаттық анықтама алады.

Кей жағдайларда сұраныс беретін азаматтар толық құжат тапсырмайды, мұндай толық емес құжаттар мұрағатшыларға мұрағаттық анықтаманы орнындауда үлкен қиындықтар туғызып, ұзақ уақыт іздестіруге тура келеді. Сондықтан әр азамат мұрағатқа келгенде құжаттарын түгендеп жеке куәліктерінің, еңбек кітапшаларының көшірмелерін дұрыс жасап, өтініш бланкасын дұрыс толтырып тапсыру керек. Азаматтар тарапынан келіп түскен өтініштер нақты жазылмаса, көрсетілген аты-жөні, айы-күні (барлық цифрлары) нақты көрсетілмесе мұрағаттық анықтама беруде мұрағатшыларға үлкен қиындық туғызады.

Жалпы сұранысты орындау мерзімі азаматтардың сұраныстарын орындау туралы заңға сәйкес азаматтың еңбек өтілін, еңбек ақысын растау туралы анықтама 15 күн ішінде беріледі. Кейбір жағдайларда сұраныстың көлеміне байланысты анықтама берудің ұзақтығы 30 күнге созылады.

Мұрағатқа құжаттары мүлдем тапсырылмай жойылып кеткен мекемелер көптеп кездеседі. Осындай мекемелерде жұмыс істеген азаматтар кейіннен зейнетке шығарда мұрағатқа хабарласқанда, біз оларға нақты мұрағаттық анықтама бере алмаймыз, яғни құжаттар мұрағатқа тұрақты сақтауға келіп түскен жоқ деп жауап қайтарамыз. Әрине мұндай жауап азаматтарды қанағаттандырмайтыны сөзсіз. Бірақ бұл мекемелердің құжаттары неліктен жойылып, жоғалып кеткендігіне нақты жауап табылмайды. Себебі сол мекеменің іс-қағаздарымен жұмыс жасаған адамдардың немқұрайлығының кесірінен туындаған мәселе азаматтардың келешегіне жауапкершілік пен қарамайтынын нақты аңғаруға болады.

Қазіргі таңда халықтың арасында мұрағаттық анықтаманы тек мұрағаттан аламыз деген пікір қалыптасқан. Бұл пікірге былай деп жауап берер едік. Жалпы біздің қаламызда халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасайтынын білеміз. Халыққа қызмет көрсету орталығы түрлі анықтамаларды орындайды, сонымен қатар мұрағаттан алатын анықтаманы да халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да сұрауына мүмкіндік бар.

Біздің Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қаламыздың №1,№2 Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өте тығыз шығармашылық байланыста жұмыс жасайды.

Тағы бір атап өтетін ақпарат бұл Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет порталы арқылы кез келген азамат үйден шықпай сұраныс жолдай алады. Ол дегеніміз азаматтардың өз уақыттарын үнемдеуге үлкен мүмкіншілік беріп, мемлекеттік қызметтерді алуды жылдамдатуға септігін тигізеді.  Сонымен қатар мұрағаттың электрондық поштасы арқылы халықтың сұраныстарын қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы халықтың игілігі үшін жасалып жатқан іс шаралар деп білеміз.

 

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығы» КММ
ҒАА құжаттарды пайдалану бөлімінің
меңгерушісі Л.Қ. Қадырова

 

Парақтар өзгертілді: 30-10-2014