Т.Г.Қасымова. Cемей мұрағатындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының құжаттары
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихындағы аса бір азалы жылдар болғаны белгілі. Биыл осы халыққа зұлмат әкелген ашаршылыққа 80 жыл толғалы отыр.
Бұл - қазақ халқының басына түскен қасірет. Қазақ даласындағы жаппай ашаршылық, қазақтың аса зиялы, бетке ұстар біртуар азаматтарын «халық жауы», «алашордашыл», «ұлтшылдар», «жікшілдер», деген айыппен жазықсыз айыптап, жер аударып, ату жазасына кесіп, жаппай мал, дүние- мүліктерін тәркілеп, саяси қуғын-сүргінге ұшыратып, құртып жіберуі еді.
30 жылдардағы тәркілеу, зорлықпен ұжымдастыру кезеңдері, қазақ халқының жартысынан жуығы ашаршылықтың, кеңестік саяси жүйенің құрбандары болды. Және осы жазықсыз жазаланған жандар, халықтың ұлттық мұрасын сақтап қалу жолында еңбек еткен, ұлт зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері болатын.
Қаншама қазақтың «қаймақтары» қолды болып, айуандықпен өлтірілді. Олардың балаларына, әйелдеріне «Халық жауының баласы», «Ұлтшылдың әйелі» деп жалған айыптар тағылып, «КарЛаг», «АлЖир» түрмелеріне қамауға алынды. Осы айуандықтың барлығы И. Сталиннің биік құрған саясатының бірі болатын. Бұл туралы тарихшы ғалымдар өз зерттеулерін жүргізіп, құнды еңбектерін жарыққа шығарғаны да белгілі.
Осы қарастырып отырған 20-30 жылдардағы идеологиялық күрес мәселесінің деректемелік негізін де, зерттеуге тиым салынғандықтан ұзақ уақыт жабық құжат ретінде мұрағат қорларында сақталып келді. Ал, ұлттық зиялыларының төл тума еңбектері жарық баспасөз материалдары араб әріпімен жазылғандықтан, олармен көпшілік қауымның танысуына мүмкін болмады. Сондықтан коммунистік идеологияның әсерінен ұлттық зиялыларымыздың есімін бірнеше ұрпақ қатарынан білмей келді.
Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ұлттық тарихымыздың «белгісіз» болып келген беттерімен ғалымдарымыздың танысуына көп мүмкіндік туды. Осындай нақты, деректер еліміздің ірі мұрағат орталықтарынан алынған. Мұрағат құжаттарынан сол заманның зардабы халықты қатты күйзеліске ұшыратып, жан-жаққа бездіртіп, қабырғаларын қайыстырып кеткенін көруге болады. .
Біздің қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы 1917 жылдан бастап көптеген деректерді сақтап келеді. Мұрағат қызметкерлері «Неизвестные страницы истории Семипалатинского прииртышья (20-30 гг. ХХ в.)» атты құжаттар жинағын шығарды. Бұл жинаққа Семей өңіріндегі 20-жылдардағы ашаршылық, халықты жан-жаққа жаппай көшіру, бай-жартылай феодалдарды мал-мүлкін тәркілеу, 30-жылдардағы күштеп ұжымдастыру, тұрғылықты халықты оның ішінде қазақтарды жер аудару мәселелері жайлы жазылған нақты құжаттар енгізілді. 2009 жылы мұрағатшылар тағы бір үлкен еңбек жасап, «Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 гг.» атты құжаттар жинағын көпшілік қауымға ұсынды. Бұл құжаттар жинағына да сол заманғы 30 шы жылдардағы жаппай ашаршылық, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған өрімдей балалар, әкесі мен шешесінен айырылған тұл жетімдердің азғындық өмірі, аштықтың кесірінен тамақ іздеп, жатын орын іздеп мекенінен безіп кеткен халық, ауылдағы ағайын-туыстарымен қатынаса алмай кездескен көліктермен жат елге көшіп кету, сияқты тың деректер енгізілді. Осы құжаттарға қарап, адам баласының жаны түршігетіндей, болған уақиғалар көзіңе елестеп, еріксіз көзге жас үйіріледі. Осы сәтте осындай азғындыққа кім кінәлі деп еріксіз ой-толғайсың.
Жинаққа енгізілген барлық құжаттар тек орыс тілінде жазылған, оқырмандарға осы құжаттардың арасынан мысалдар келтіріп, түпнүсқасын аудармасыз беріп отырмыз.
Қазақ даласына келген жұт әр шаруашылыққа кесірін тигізбей қоймады. Мына құжатқа назар салайық.
№30
Из воззвания президиума Семипалатинского Губисполкома об оказании помощи пострадавшим от джута хозяйствам
Январь 1927 г.
Граждане!
В отдельных районах губернии начался джут: глубокие снега и выпавшие в середине зимы дожди, являясь причинами джута, грозят сделать его крайне жестоким!
Джут грозит тяжелымыи последствиями для многих тысяч кочевых хозяйств и разорением для беднейших из них.
Едва начавшиеся оправляться после нескольких лет разрухи пораженные джутом хозяйства своими силами и средствами не справятся с надвигающимся огромным бедствием и его тяжелыми последствиями.
Практически задача сводится к тому, чтобы прокормить хотя по самым голодным нормам скот пострадавших хозяйств до весны. Огромное значение при осуществлении этой задачи может иметь помощь со стороны земледельческих хозяйств, всегда имеющих некоторый запас не используемых в течение года в собственном хозяйстве грубых кормов в виде сена, соломы, мякины и др..
Особенно необходимо обратить общественное внимание на борьбу с преступным элементом, на борбу со скотокрадством!....
Председатель губисполкома Токтобаев
Ответ. Секретарь Слесарев
(Қор. 152, т. 1, іс. 835, б. 105. көшірме)
1932 жылы балалар үйін ашу, оған жетім балаларды орналастыру мәселелері де қолға алынды. Бірақ жан-жақтан түскен балалардың жағдайы өте төмен болған. Балалар үйінде тамақтың жетіспеушілігі, көп қиындық туғызған. Келесі құжатта:
№127
Из докладной записки уполномоченного наркомздрав КАССР в Семипалатинскую областную комиссию по устройству откочевников «О состоянии детского дома для откочевников»
13 мая 1932г.
Мною обследовано состояние детдома для откочевников, находящегося в селе «Красный Аул», в 105 км. от г. Семипалатинска
Детдом открыт 17 апреля с.г. в составе 488 детей откочевников, привезенных из Семипалатинска, 11 мая прибыло еще 198 детей....Со дня открытия до 11 мая умерло 172 человека, наличие вместе с вновь прибывшими 365 детей, остальные по словам заведующего, сбежали.
Дети истощены, у многих явление отека на почве недостаточности питания и желудочно-кишечные заболевания на почве неудововаримости пищи. Из первой партии двое помещены в больницу, 33- в отдельный изолятор, где питание и уход поставлены немного лучше. Отбора больных из новой партии не производили, а в их среде также наблюдается большое количество детей с желудочно-кишечными заболеваниями, главным образом среди детей в возрасте 4-8 лет.....
Уполномоченный КНАРКОМЗДРАВА
Врач Подпись
(Қор. 15п, т.4, іс. 110, б. 11-14)
Мына құжатта былай делінген
№
128
Из докладной записки ВК ОООГПУ Обкому ВКП (б) «Об использовании по промышленным предприятиям откочевников-казаков и продовольственном снабжении таковых»
Не ранее 30 мая 1932 г.
Откочевики-казаки главным образом размещены на работах по предприятиям: Мясохладострой, Кирпичный завод №2, Леспромхоз.
Везде, кроме Мясохладостроя, казаки-откочевники в достаточной мере не обеспечены продовольствием и жильем, заметно игнорирование со стороны административно-технического персонала. Нераспрядительность администрации и профорганов привела к тому, что все казаки откочевники не были учтены,...в ущерб получали снабжение. Хлебные карточки выдавались по 1-2 на семью, еазависимо от количества едоков, но имеется большинство фактов, что казакам-откочевникам вовсе не выдавали хлебных карточек. В столовой получают обеды лишь те, кто работает. Никакой политическо-массовой работы среди них не ведется, а потому казаки-откочевники считают, что их сослали, целыми партиями начали уходить с работы, расплываясь по городу и нищенствуя........
Начальник ВК ОООГПУ Подпись Окруй
Начальник СПО Подпись Казанский
Уполномоченный П гр. СПО Подпись Любимов
(Қ. 15-п, т.2, іс.15, б. 24-29) Түпнұсқа
1932 жылы Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеті төрағасының хатында былай делінеді.
№133
Из докладной записки председателя особой комиссии Восточно-Казахстанского обкома ВКП (б), Обкому ВКБ (б) и облисполкому «Об устройстве откочевников, находящихся на пересылочных пунктах г. Семипалатинска»
8 сентября 1932 г.
Совершенно секретно
По данным Горсовета общее количество откочевников, прошедших через базы Семипалатинска-17043 человека и детей 1569 человек, на 20/V111 было откочевников 1710 человек, из них прибывших из Сибири-60 человек.
Таким образом, за период с 1/VI по 20/VIII притока извне пределов Казахстана не было....
Постоянный контингент на пункте за два последних месяца был 1500-1600 человек.....Эти люди принимались из Жана-Семея, пришедшие из колхозов, ушедшие с производства.... бездомные, без удостоверений и без всяких документов. Все эти люди зачислялись в откочевники и принимались на довольствие. Таких людей с 1/VI принято 1624 человека......
Педседатель Комиссии Подпись Камысов
Члены Подпись Рзаев
Подпись Лукин
(Қ. 15 п, т.4, іс. 110, б. 128-131) Түпнұсқа
Сонымен қатар мұрағатшылар орыс тілінде жазылған құжаттарды жүйелеп, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде құрылған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп, «Восточная Алашорда» деп аталатын жинақ шығарды. Құжаттар жинағы өз оқырмандарын тауып, туған өлкенің тарихын білгісі келетіндерге үлкен құнды еңбек болды.
Бұл жинаққа саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлерінің жасаған еңбектері, жеке іс қағаздары бірінші рет жарияланып отыр.
Алаш үкіметінің қызметі туралы пікір тарихта мәңгі қалады. Себебі, Алаш арыстарымен біте қайнасып, үнемі байланыста болған қазақтың бай-ауқатты азаматтары да жалпы тәркілеуге түсіп жер аударылды. Олардың бірқатары Шыңғыстау өлкесіне (қазіргі Абай ауданы) танымал болған әйгілі азаматтар - Ике Әділов, Қаражан Үкібаев, Тұрағұл Ибрагимов, Мұсатай Молдабаев және басқалар.
1920-шы жылдардан кейін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған осы азаматтардың, Алаш қайраткерлерінің жеке қағаздары ҰҚК-нің орталық, облыстық және қалалық комитеттерінде кездеседі.
1928-1929 жылдары Қазақстанның 15 ауданында жаппай тәркілеу жүргізілген екен. Оның ішінде Шыңғыстау ауданы бойынша 14 адамның мүлкі алынған. Осы 14 адамның ішіндегі тізімде Ике Әділов, Тұрағұл Ибрагимов, Қаражан Үкібаевта бар. Осы адамдарға қатысты шынайы деректер Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған құжаттарда да кездесіп отыр.
Мұрағатымызда сақталған (Қ-74 Семей аймақтық атқарушылық комитеті) қорда Тұрағұл Ибрагимов, Ике Әділов, Қаражан Үкібаевты жаппай тәркілеуге түскен кездерін айғақтайтын шынайы деректердің арасынан үзінділер келтіре кетуді жөн деп санаймыз.
Құжат мәтіндері көбінесе араб қарпімен жазылған екен. Оқырман қауымға ұсынылып отырған деректер орыс тілінде жазылған, еш аудармасыз береміз.
Тұрағұл Абайдың ең зерек балаларының бірі болды. Ол 1928-1929 жылдары тәркілеу кезінде көп қиыншылықтарды бастан кешіреді.
«Выписка из протокола № 27»
Заседания Окружной Комиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27 августа 1928 года
Слушали: Решение Чингизской Райкомиссии о выселении имущества Ибрагимова Турагула.
Постановили: В соответствии с решением Окркомиссии от 8 октября протокол №14 и телеграммой КЦИК НР 16881/5 выселить Ибрагимова Турагула (он же Кунанбаев) с членами семьи:
Первая жена Миса......58 лет,
Вторая Сахибжамал....53 лет
Сын Жабрайл...............25 лет,
Зубайр..................23 лет,
Сноха Рахия...................18 лет,
Канагат................25 лет,
Сын Алпарстан..............5 лет,
внук Кенесары.................3 года
С конфискацией 36,9 голов (в переводе на крупный) дома в 7 комнат с надворными постройками и шестиканатной кибитки, 1 ковра и с оставлением Ибрагимову и его семье 16 голов крупного скота 7 лошадей, 6 кулун, 2 взрослых верблюда и 25 баранов.
Верно. Қол қойылған.
Мына хаттамаға назар аударсақ.
Протокол №14
Заседания Комиссии по проведению декрета КАЗЦИК и СНК от 27 августа 1928 года.
8 октября 1928 года
Присутствовали: Члены комиссии-т.т Атаньязов, Кеммер и Мурзатаев.
Присутствующие: Упол. КЦИК-Сыргабеков
Коянбаев/ Упол. ОКрИК-а по Чингизскому району/
Председатель Атаньязов. Секретарь Агжанов.
Слушали: 1. Ходатайство Чингизской Райкомиссии о дополнении списка.
Постановили: В соответствии с решениями собрания бедноты и батрачества и других трудящихся масс аулов, Районной бедняцко-батрацкой конфискации и Районной Комиссии по проведению декрета Казахского Правительства от 27 августа с/г. в виду их усиленного ходатайства выдвинуть перед Правительством дополнительному включению в список выселяемых по Чингизскому району.
- Халиля Габбасова
- Турагула Ибрагимова / он же Кунанбаев/
- Мусатая Молдабаева, характеризуемых как известные руководители группировок, хотя первые два из них имеют незначительное количество скота, а последний бывший волуправитель, находится в административной ссылке в Рубцовском округе Сибирского края.
Настоящее решение Окружной Комиссии по телеграфу представить на рассмотрение КАЗЦИК-а.
П.п.Предс. Комиссии-Атаньязов. Члены: Кеммер. Мурзатаев.
Секретарь-Агжанов.
Выписка верна: Секретарь ОкрИК-а.
Тағы бір құжатта
№77
Сообщение уполномоченного КЦИК Сыргабекова и председателя окружной комиссии Атаниязова ПП ОГПУ о включении в список конфискуемых и выселяемых Турагула Ибрагимова и Мусатая Малдыбаева
Не ранее октября 1928 г.
Вашу НР 1025/16746 сообщаем Малдабаев Мусатай был несменяемым волуправителем руководитель родовой группировки выслан на три года Рубцовский округ как социально опасный элемент пользуется большим влиянием до сих пор имеет по предварительным данным не менее 60 голов переводе на крупный тчк Турагул Ибрагимов влиятельный родоначальник аткамнер пользуется громадным авторитетом из сильного знатного рода имеет по предварительным данным свыше 20 голов скота переводе на крупный тчк Оба они выставлены широкими бедняцко-батрацкими массами- НР 631 Сыргабеков Атаниязов
Верно: Ст. Упол. Во Подпись Волохов
делінген.
Ал келесі бір істе Ике Әділовті тәркілеуде (27 тамыз 1928 жыл) жүргізілген №3 хаттама тігілген, онда: «Әділов Ике 47 жаста, отбасы 7 адамнан тұрады. 196 жылқы, 500 бас қой, 20 түйе, 6 бас сиыр алынып, болыс басшысы, кеңес үкіметіне қарсы тұрған деген айып салынып, толық тәркіленсін» деп жазылған.
Басында айтылғандай, нақты айғақ беретін деректер ҰҚК-нің мұрағатында сақталған құжаттарда: «Әділов Ике - орта білімді, қазақ, Семей аймағының Шаған болысының №2-ші ауылында тұрады» делінген. Сондай-ақ, оның аса ірі бай екені, «Алаш Орда» үкіметіне материалдық жағынан үнемі көмек бергені және «Алаш Орда» әскерін ұйымдастыруға қатысқандығы туралы жазылады. Жаппай тәркілеуге түскенде Әділов Икенің отбасы мүшелерінің тізімі берілген, онда:
«Жена-Мақыш - 47 лет,
Жена Батика - 32 лет,
Сын Мукан - 9 лет,
Сын Наубат - 5 лет,
Сын Шапагат - 1 год,
Дочь Кайрия - 11 лет» деп көрсетілген.
Осы тізімдегі бір жастағы Шапағат (Шәпет) қазірде Алматы қаласында тұрады.
Қаражан Үкібаевтың тәркіге түскені жайлы жазылған құжатта:
«Выписка из протокола № 7»
Заседания Чингиставской Райкомиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27/VIII-28 г. состоявщегося 31/Х-28 г.
Слушали:
6. Дополнительные материалы в составе семейства и наличном скоте Укубаева Каражана.
Постановили: На основании имеющихся материалов состав семейства Укубаева Каражана определить в нижеследующем виде:
Укубаев Каражан- 62 лет,
Первая жена Айтжан- 58 лет,
Второя жена Казы- 40 лет,
Сын Бекетказы-8 лет,
Сын Слямгазы-7 лет,
Сын Амиргазы-5 лет,
Сын Токташ-23 года.
Из наличного скота в 139,43 кр. голов оставить труднорму в 16 кр. голов (9 взр. лош. 3 кунана, 1 корова, 20 овец).
Остальной скот и жилое помещение с надворными постройками конфисковать.
Выписка верна. Қол қойылған
Келесі хаттамаға назар аударайық:
«Выписка из протокола №3»
Заседания Чингиставской Райкомиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27 августа 1928 г. состоявшегося 27, 28, 29 и 30 сентября 1928 года.
Слушали: 10. Доклад Уполномоченного по № 1 аулу б. Чаганской волости тов. Давлетбаева.
Постановили: Заслушав доклад тов. Давлетбаева и рассмотрев представленные материал Райкомиссия находит, что
Укубаев Каражан, числящийся по 1 гр. 66 лет, имеет 4 члена семейства, скота в переводе на крупный на 1/1-101,17 находящегося в руках С/Кошчи, в настоящее время 122 голов при царе был волуправителем, при белых активно участвовол в борьбе с красными со времени Совласти активно препятствует советизации аула, разжигает родовую вражду, за что постановлением Коллеги ГПУ в 26 году был выслан на три года, но бежал и по настоящее время находится, совместно с другим баем Адилевым Ике, в бегах, беднота №4 аула и Райконференция настаивает на его выселении и конфискации. В виду этого признать Укубаева Каражана подлежащим выселению и конфискации согласно ст. 5 декрета КЦИК и Совнаркома по ІІ группе, просить Окркомиссию это постановление утвердить.
Выписка верна: Қол қойылған
Кейіннен еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұл азаматтар ақталады.
Сонымен қатар, мұрағаттағы тағы бір құжатта Семей аймағы Шыңғыстау ауданының аса-ірі бай және кулактарының басқа республикаларға, аймақтарға және аудандарға жер аударуға жататындардың тізімі «құпия » деген белгімен берілген. Осы тізімнен мысал келтірсек:
Список
Крупных баев и Кулаков Чингиставского района Семипалатинского Окр, намечанных к о выселению из района в др. республики, окр и района.
Список представляется в Семипалатинский Окр. ИК.
Согласно телеграфного Указания Сем. Ок ВКП (б.)
п.п |
Фамилия, Имя |
Социальная опасность |
Куда намечается выселить |
1 |
Аул «Самай»
Молдабаев Мусатай |
Алаш Ординец, руководитель родовой вражды, дворянин |
Из Республики |
2 |
Аул «Саржал»
Укибаев Жумжума |
Алаш Ординец, руковод родовой вражды |
Из Республики |
3 |
Аул «Атей»
Козбагаров Ахметжан |
Организатор Алаш Орды, руковод родовой вражды |
Из округа |
4 |
Аул «Кара жартас»
Азимбаев Берлеш |
Кулак, руководитель рода, Алаш Ординец |
Из округа |
5 |
Кудайбердинов Шакарим
Сыновья: Гафур, Кабыш, Зият, Акат |
Аксакал, Алаш Ординец, руководитель рода |
Из округа |
6 |
Аул «Кулмен»
Ибраев Микаил
Ибраев Зикаил |
Кулаки, руководители родовой группы |
Из округа |
Аса-ірі байлардың дүниесі, мал-мүлкі тәркіленсін, отбасы мүшелері басқа жаққа жер аударылып жіберілсін деген хаттама жазылған. Хаттамада төмендегі азаматтардың: Сыдық Бураханов, Ұйпалақ Жынғожин, Кәкен Жақыпов, Ыдырыс Серғазин, Ақкенже Ақмағамбетов, Тауфик Базаров, Темірхан Баженовтің мыңдаған бас ірі қарасы тәркіленіп, бала-шағасымен қоса айдалып жіберілгені туралы нақты жазылып тұр. Осы есімдері жазылған азаматтар ұрпақтарының қалғаны да, қалмағаны да бар. Бірақ олардың есімдері тарихта мәңгі сақталады.
1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылықтан миллионнан астам халық қырылып, оның жартысынан көбі қазақтар екеніне мұрағат құжаттары дәлел бола алады. Және де сол дәуірде халықтың көбі сауатсыз болды, арасындағы бас көтерер қаймақтарын ұстап «халық жауы» деп айдап салды, бірін-бірі көре алмай, жаман деп естігендерді ұстады, халықты бей-берекетсіздікке душар етті. Міне мұның бәрі өткен дәуірдің оқиғалары.
Өткен ғасырдағы ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, жаппай тәркілеу, 1941 жылғы зұлмат соғыс енді қазақ даласының басына бермесін. Біз қазір бейбіт тәуелсіз мемлекет Қазақстанымызда өмір сүріп жатырмыз. Егеменді Қазақстанымыз ешкімге тәуелді болмай, әркімнің есігінен бас сауғаламай, аспан аясында, бір шатыр астында бейбіт өмір сүрейік деп бір алладан тілейік ағайын.
КММ Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығының директоры Қасымова Г.Т
Түйін
Бұл мақалада қазақтың аса бай, ауқатты азаматтары Тұрағұл Ибрагимов, Ике Әділов, Қаражан Үкібаевтардың жаппай тәркілеуге түскенін айғақтайтын құжаттар ұсынылған. Осы азаматтардың өміріне қатысты деректер Семей қаласының мұрағатында сақталған.
Резюме
В данной статье освещается документы о конфискаций имущества крупных баев и феодалов Ике Адилова, Турагула Ибрагимова, Каражана Укубаева. Сведения об этих великих граждан хранятся в архивных фондах города Семей.
Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы - тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Осы тұрғыда Семей өңірі тарихында өшпес із қалдырған, бүкіл халықтық қозғалысқа айналған Алашорданың қоғамдық-саяси қызметтерін және оның жетекші тобы - ұлт зиялыларының қоғамдық ұстанымдарын жете білуіміз бізге, кейінгі ұрпаққа қажет деп санаймыз.
Ел тарихында жарқын өміріміздің түп негізін қалап берген Алашорда қозғалысы тарихының Семей қаласымен біте қайнасып жатуының деректі дәлелі мол.
|