Жариялымдар / БАҚ мақалалары

Сыбайлас жемқорлық туралы мұрағат құжаттарынан үзінділер

Сыбайлас жемқорлық ертеден келе жатқан ұғым. Бұл құбылыс туралы мәліметтер Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайдың мемлекеттік басқару, діни және заң туралы әдебиеттерінде кездеседі.
Коррупция (латын тілінен аударғанда- corruptio)- қоғамдық және саяси, мемлекеттік чиновниктермен, лауазым иелерінің сатып алу, сатылғыш, ақшаға сатылған деген мағыналарын берсе, коррупциялау ( латынша corrumpere) – біреуді ақша мен немесе басқада материалдық заттармен сатып алу дегенді білдіреді.
Мемлекеттік басқару өнері туралы ежелгі үнді «Артхашастра» (б.з.д ІV- ға)трактаттарында айтылғандай, патшаның алдында тұрған ең маңызды міндет, ол қазына тонаушылықпен күрес.

Ресейде сыбайлас жемқорлыққа заңды түрде шектеу жасау, 3-ші Иван  патшалық құрғанда жүзеге асты. Оның немересі 4-ші Иван (Грозный) шектен тыс пара алғандарға, өлім жазасын беруді алғаш енгізген. 1-ші Петр тұсында Ресейде сыбайлас жемқорлық кең етек алды және онымен патшаның аса қатаң күресі қатар жүрді.  
Ал, қазақ даласының текті қауым қабылдаған, үйреншікті құқық нормалары көбіне, дәстүрлі заңды сипаттағы көшпелі мәдениеттің принциптеріне лайық орныққан. XIV-ғасыр мен XIX-ғасырдың бірінші жартысында, дәл бүгінгі күндегідей, қазақ феодалдық қоғамында сыбайлас жемқорлық үшін жауап берушілік қаралмаған. Жалпы, Қазақстанның Ресейге қосылғанына дейін сыбайлас жемқорлық - феодалдық борыштың ақ сүйектерге сый жасау міндетті сипаты болып танылды. Осылай қарапайым жер иелерінен хандар мен сұлтандардың, билермен және басқа ақ сүйек қауымдардың игілігі үшін салық түрі – егістік даланың ондық бөлігі болып есептелді.

Мал өсірушілер «зекет» салығын, яғни кез-келген малдың белгілі бір мөлшерін төлеген. Осыған қоса феодал басы үшін соғым және сыбаға - сый ретінде жиналып отырылды. Бұл туралы «Қырғыз дәстүрлерінің күшіне енген  Орда заңында» былай сипатталған: «Соғым-күзде беріледі, әдеттегіше ол хан немесе сұлтан қыс бойы халықтың асырауында болады деген негізде. Сыбаға – көктемде берілген, оның соғым сияқты шарты бар. Ордашы, ордада қандай да бір лауазым иесі бола тұрса да, қарапайым қырғыздың  берілген сыйынан бас тартпай алуы керек».
XVI ғ. басында, Қазақстанда Қасым хан заңдары «Қасым ханның қасқа жолы» қызмет етті. Оның негізінде, XVI ғ. билік құрған Тәуке хан «Жеті жарғы» шығарып, қарапайым дауларды заң жолымен шешіп берді.
1917 жылы қазанда мемлекеттік құрылым мен басқару түрінің ауысуы сыбайлас жемқорлықты, онымен күрестің қажеттілігін жоққа шығарған жоқ. РСФСР Халық Комиссарлары 1918 жылдың 8 мамырында «Пара алу туралы» Декретінде, пара алғандарды 5 жыл бас бостандығынан айыруды енгізген. Кейін, РСФСР-дің 1922, 1926, 1960 жылдардағы Қылмыстық Кодексінде пара алушыларды жауапкершілікке алу қарастырылды. Кеңестік үкіметтің жемқорлық пен күрес тарихы бірқатар өзіне тән ерекшеліктер мен сипатталады.
ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған, жергілікті Семей қаласында шыққан  1921 жылғы «Степная правда» (№88, 29 мамыр) газетінде «От Семипалатинской губернской чрезвычайной комиссии по борьбе с контр-революцией, спекуляцией и преступлениями по должности» деген Қаулысы жарық көрді.

Осы газеттің  (№170, 29 қазан) санында: «Шаруалар өмірі. Сот қайда?» деп аталатын мақала берілген. Онда «Осы жылдың маусым айында Семей уезі Ново-Покровка  ауылында тұратын, дәрігерлік пунктің фельдшері Александров өзінің жасаған емі үшін параны тауықтар, торайлар т.б заттар түрінде алған. Өзіне тиісті емес азық-түлік түрлерін жаздырған. Тергеу барысында оның үйінен бірқатар тауар түрлері : май, ұн, жұмыртқа, аяқ-киім, киім-кешектер, 50 тауық, үйрек, 2 сиыр, 500 дана жұмыртқа т.б тәркіленген. Оның ісі Семей губерниялық денсаулық бөліміне тапсырылған»,- деп жазылған. Осы газеттің 18-ші маусым, №95-ші нөмірінде «Революционное право сознание революционного суда» деген мақала берілген. Онда «Аудандық комитеттің Тау ісі бөлімінде жауапқа тартылған Ражновскиидің ашық сот процесі өтеді. Ол, қызмет бабын пайдаланып, 874 арш мөлшерінде құрал-жабдықтар сатады. Түскен қаражатты үкіметке қайтармай, өз пайдасына асырған».
1921 жылғы 11-ші қарашада шыққан «Юный Степняк» газетінде Губерниялық комитетте ашық сот процесі өтетіні туралы хабарлама берілген. Онда, «Азамат Переплетчиковтың пара алғандығы туралы ашық соты Луначарск атындағы театрда, 13-ші қараша, демалыс күні сағат 12.00-де өтеді, келушілерге есік ашық» деп жазылған. Сонымен қатар, газет материалдарымен қоса, Қ-654 Семей қалалық бақылау комитеті, Қ-577 Семей қалалық округтік бақылау комиссиясы, Қ-578 Губерниялық бақылау комиссиясы құжаттарында сыбайлас жемқорлық, қызметін асыра пайдаланушылар және т.б, деректер кездеседі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішінде Қазақстан, мемлекеттік жүйемен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңдаманы өңдеуге бірінші болып ат салысқан. 1998 жылы 2-ші шілдеде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды. Оған 2000 ж 28-сәуірде, 2001 ж 8-маусымда, 2001 ж 12-шілде де, 2002 ж 9 тамызда, 2003 ж 27- қыркүйекте, 2007 ж 21-ші шілде  толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық пен күрес» туралы Заңы қабылданғалы, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлық, пара алушылық біршама деңгейде өзгерістер тудырды. Жалпы мемлекетіміздің аяқтан нық тұруына, осындай қылмыс түрлері кері әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан қоғам болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бар күшімізді салып, қарсы тұрайық!.

ШҚО ҚЗТҚО-ның директоры  
Г.Т. Қасымова

Парақтар өзгертілді: 17-06-2011