Ел тәуелсіздігін аңсаған Маннан Тұрғанбаевы
ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы тарихи құны бар құжаттарды үнемі тұрақты сақтап отырады. Осындай құжаттарды негізге ала отырып біз үнемі баспа беттеріне түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрамыз. Ал қазіргі мақала журналист, қоғам қайраткері Алаш Орда үкіметінің мүшесі болған Маннан Тұрғанбаев жайлы болмақ.
Биыл Алаш үкіметінің мүшесі, журналист, сыншы, публицист, ағартушы, ұстаз-ғалым, қоғам қайраткері Маннан Тұрғанбаевтың туғаныныа 125 жыл.
Маннан Тұрғанбаев 1886 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Абралы болысының №2 ауылында дүниеге келген. Ол Кәмелиддин медресесін, кейіннен Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін, мұсылмандар мұғалімдер семинариясын бітірген. Ол түрік, парсы, араб және орыс тілдерін жетік білген. Маннан Тұрғанбаев губерниялық халықтық сотының мүшесі, жергілікті «Қазақ тілі» газетінің (қазіргі «Семей таңы») тұңғыш редакторы, Алаш қаласындағы қазақ мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.
Мұрағат құжаттарында Қ-266, т.1, іс.411 қордың атауы (Семей губерниялық соты) Маннан Тұрғанбаевтың жеке ісі сақталған. Онда «Семей губерниялық кеңесі халықтық сотының мүшесі Маннан Тұрғанбаевтың қызметі туралы іс»- деп жазылған. Осы істе Губерниялық төңкерістік комитетінің 1920 жылы 10 мамырда өткен мәжіліс хаттамасы тіркелген. Хаттамада Маннан Тұрғанбаевты Семей губерниялық кеңесі халықтық сотының мүшесі қызметіне тағайындау туралы шығарған шешімі жазылған. Ал қазан айының 20-да өткізілген Халықтық сот президиумының мәжіліс хаттамасында «жолдас Тұрғанбаев халықтық сот кеңесі басшысының орынбасары етіп тағайындалсын » деген қаулы шыққан. .
Сонымен қатар Маннан Тұрғанбаевтың өз қолымен жазған жеке картасы толтырылған құжаттың түп нұсқасы бар. Бұл құжат орыс тілінде жазылған екен. Біз осы құжаттардың біразын еш аудармасыз береміз.
ЛИЧНАЯ КАРТОЧКА.
О служащих в Семипалатинском Губернском отделе юстиции.
ВОПРОСЫ:
1) Должность на службе в настоящее время. Член Губнарсуда и редактор Кир газеты «Казак тили».
2) Имя, отчество и фамилия. Манан Турганбаев
3) Пройсхождение и место приписки по прежним условиям. Киргиз Абралинского волос. Каркаралинский уезд.
4) Время рождения или возраст. 34 лет
5) Образование. Мусульманская учительская семинария в Уфе
6) Семейное положение. Жена мать и сам
7) Имущественное положение самого членов его семьи. члены семей и сам ни чего не имею кроме собст. труда
8) Род деятельности до войны, во время войны.
Революции с момента Октябрьской революции. учитель на киргизском языке
9) Прежнее и настоящее местожительство. Прежн г. Алаш, в настоящее г. Семипалатинск.
10) Сумма получаемого содержания. 2000
11) Судимость. нет
12) Изменеие в службном положении. нет
13) Политическая плотформа. в Парт. Коммунистов большевиков
14) Адрес. г. Семипалатинск Рафиковская 76
ПРИМЕЧАНИЕ: Настоящая карточка должна быть заполнена безусловно верными сведениями.
8. 07.1920 г. М. Турганбаев
Осы құжаттардың ішінде Маннан Тұрғанбаевтың өз қолымен толтырған сауалнамасының түпнұсқасы берілген. Сауалнама 1921 жылы 2 қазанда толтырылған.
АНКЕТА.
Для служащих Советских учреждении г.Семипалатинска и его уезда
Примечание: На все вопросы настоящей анкеты должны быть даны самые точные ответы. В случае на выполнения или неясности ответа удостоверение не выдается.
1) Фамилия имя отчество Турганбаев Манан Турганбаевич
2) Возраст или год рождения 36 лет
3) Какой губернии, уезда, волости, села или деревни Семипалат губ, Каркаралин уезд, Абралинский волость, №2 аула
4) Место службы в настоящий момент и занимаемая должность Член Совнар суда Член редколлеги газ. «Казак тли»
5) Родной язык и какими языками еще владеете Родной киргизскиий, владею тюркским, русским и арабским.
6) Семейное положение
а) имена членов семьи
б) число трудоспособных членов семьи
в) кому оказываете постоянную материальную поддержку
1) Мать Хадича 70 л, 2) жена Мнейвер 25 л, 3) дочь Фатима 9 мес, трудоспособ, всем членам семьи оказываю матер поддержки
7) Род занятии ваших родителей нет
8) Их постоянное местожительство г.Семипалатинск
9) Имущественное положение, какое имели движимое или недвижимое имущество до октябрской революции 1917 года б) в настоящий момент не имеющий
10) С какого времени вы стали жить самостоятельно с 1914 года
11) Какое имеете образование, где и когда его получили. Среднее в гор Уфе, окончил медресе «Галия»
12) Ваша профессия и специальность учитель- мугаллим.
13) Место вашей первой работы гор Алаш, - учителем
14) Какие должности занимали или где работали до 1914 года с 1914 г. по февраль 1917 г. учительствовал
15) Где работали с февраля 1917 г, до октября 1917 года в гор Алаше учителем
16) Где работали после октябрьской революции до мая в гор Алаше учителем
17) Где работали с мая 1918 по август 1919 года а) перечислите все учреждения вами занимаемые. в гор Алаше, учительствовал на 2 х год. пед.Киркурсах
18) С какого времени проживаете в Семипалатинске с 1914 года
19) В какой партии состояли или состоите в настоящий момент не состаю
20) Если состоите, то с какого времени, номер партийного билета и какой организаций нет
21) Какая ответственная работа выполнялась вами в партии или в Советских Учреждениях. В сов учрежд- редактором газ «Казак Тли», Член КЦИК, Член губисполкома, член Совнарсуда
22) Членом каких профессиональных организаций, союзов, комитетов и др. состояли или состоите в сопроскульте
23) Какое в их работе принимали участие и где непринимал никакое участие
24) Подвергались ли преследованиям за свои политические возрения
а) при старом строе
б) при правительстве Керенского
в) при Советской власти
д) при власти Колчака подвергался при властье Колчака
25) Принимали ли вы участие в Культурно Просветительных работах, какое или в каких учреждениях принимал учительским бюро
26) К какому виду литературы вы проявляете наибольший интерес истории
27) Ваше отношение К Советской власти сочуственное
28) С какой областью политики Советской власти не согласны с необявлением свободного труда
29) Ваше отношение к военной службе нет
30) Служили ли в белой армии и как долго нет
31) Служили ли вы красной армии нет
32) Есть ли увас родственники, занимавшие командные должности в старой армии нет
33) Кто вас рекомендовал или рекомендует на настоящую службу Избран Губ сьездом Нарсуда
34) Адрес и местожительство гор Семипалатинск Рафиковская 76
35) Подпись Манан Турганбаев 2.ІХ. 1921 г
Осы сауалнамаға қарасақ Маннан Тұрғанбаев өзі туралы толық деректі жазған.
Келесі құжатта Қ-1п, т. 1, іс. 21. Алаш атты әскер партизандар полкін ұйымдастырушылардың тізімдері берілген. Тізімде жалпы 38 адамның аты-жөні жазылған. Осы тізімде Маннан Тұрғанбаев, Халил Ғаббасов, Қаражан Үкібаев, Тұрағұл Ибрагимов, Биахмет Сәрсенев, Мұхтар Әуезов, Ахметжан Қозбағаров, Имам Әлімбеков, Ыдырыс Мұстамбаев, Сатылған Сабатаев, Назифа Құлжанова, Райымжан Мәрсеков т.б зиялы қауымның есімдерін көреміз.
Қ-415, т.2, іс. 192 қор атауы (Семей губерниялық халыққа білім беру бөлімі) бұл құжатта 1924 жыл 15 қазан Семей және Алаш қалаларындағы білім беретін оқу орындары оқытушыларының тізімі берілген екен. Тізімде 185 мұғалімнің аты-жөні жазылған. Онда әр мұғалімнің аты-жөнінің жанында партияда бар немесе жоқтығы, әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет көрсетілген. Тізімде Әуезов Мұхтар Омарханович, Ибрагимов Хайролла Ибрагимович, Мусин Айтмұхамет Мусинович, Тұрғанбаев Маннан Тұрғанбаевич т.б оқытушылардың есімдерін көруге болады.
Маннан Тұрғанбаев жайлы тың деректерді зерттеп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттарын зерделеп Тәбәріков Сейітмұхамет (Сейітжан) ағамыз Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдық мерей тойына арнап 2002 жылы «Қайран Мәннән» атты кітабын жазған екен. Кітапта Мәннан Тұрғанбайұлының өмірі, шығармашылық қызметі жайлы өте құнды деректер баян етіледі.
Осы әдебиеттерге, мұрағат құжаттарындағы деректерге қарасақ Маннан Тұрғанбайұлы қазақ десе кеудесіндегі жанын беретін ерекше тұлғаларымыздың бірі болған. Ол кісінің «Қазақ тілі» газетінің редакторы бола отырып, өзі бірнеше мақалаларын газет бетіне жариялап отырғанын көреміз. Тұрғанбаевтың бұл мақалаларын Тәбәріков Сейітжан ағамыз өзінің кітабында жазған екен. Кез келген мақалаларына үңілсек, барлық қазақ жастарына білім-тәрбие беріп бостандықта жүріп, ел-жұртына адал қызмет жасауға шақыратын секілді.
Маннан Тұрғанбаевтың есімімен аталатын Семей қаласында көше беріліп ескерткіш тақта қойылды.
Жалпы осындай елінің тыныштығын аңсап, ұлтының тағдыры жолында өз өмірін құрбан етіп, жазықсыз «Халық жауы» деп айып тағылып, ату жазасына кесілген қазақтың нағыз қаймақтары қолды болып кеткені тарихта айдан анық белгілі. Бұған мұрағатта сақталған құжаттар куә. Бұл шындықты білседе-білмегеннің күйін кешкен қазағымыз елі тәуелсіздігін алғаннан кейін нар тұлғаларын ақтап, осы азаматтар туралы терең зерттеулер жүргізіп жатыр.
Қазірде біздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендігіміздің туы аспанға желбіреп, ана тіліміздің мемлекеттік тілге айналуына, сол кездегі Алашорда үкіметінің құрған саясаты, Алаш көсемдерінің баға жетпес, таусылмас еңбектері бірден-бір себеп болды. Олар Алашорда үкіметінің мүшесі бола жүріп әр салада қызмет етті. Бірі дәрігер болса, бірі жазушы, журналист, оқытушы, заңгер т.б қызметті қатар алып жүрді. Сөз соңында айтарымыз тарихта аты өшпейтін, мәңгілікке болашақ ұрпаққа, дастан болып қалатын Алашорда көсемдерінің, Алаш партиясының, Алаш үкіметінің қажырлы еңбектерін ешкім де ұмытпайды.
Лаура Қадырова
ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығының қызметкері.
|