Қазақтың бай-ауқатты азаматтарының тәркілеуге түскенін айғақтайтын құжаттар жайлы
Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы - тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Осы тұрғыда Семей өңірі тарихында өшпес із қалдырған, бүкіл халықтық қозғалысқа айналған Алашорданың қоғамдық-саяси қызметтерін және оның жетекші тобы - ұлт зиялыларының қоғамдық ұстанымдарын жете білуіміз бізге, кейінгі ұрпаққа қажет деп санаймыз.
Ел тарихында жарқын өміріміздің түп негізін қалап берген Алашорда қозғалысы тарихының Семей қаласымен біте қайнасып жатуының деректі дәлелі мол.
Мұрағатта 1917 жылдан бастап сақталған құжаттар реті осындай деректерді көптеп қамтиды. Мұрағат қызметкерлері орыс тілінде жазылған құжаттарды жүйелеп, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде құрылған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп, «Восточная Алашорда» деп аталатын жинақ шығарды. Құжаттар жинағы өз оқырмандарын тауып, туған өлкенің тарихын білгісі келетіндерге үлкен құнды еңбек болды.
Жалпы Алаш үкіметінің қызметі туралы пікір тарихта мәңгі қалады.
Сонымен қатар Алаш арыстарымен біте қайнасып, үнемі байланыста болған қазақтың бай-ауқатты азаматтары да жалпы тәркілеуге түсіп жер аударылды. Олардың бірқатары Шыңғыстау өлкесіне (қазіргі Абай ауданы) танымал болған әйгілі азаматтар - Ике Әділов, Қаражан Үкібаев, Тұрағұл Ибрагимов, Мұсатай Молдабаев және басқалар.
1920-шы жылдардан кейін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған осы азаматтардың, Алаш қайраткерлерінің жеке қағаздары ҰҚК-нің орталық, облыстық және қалалық комитеттерінде кездеседі.
1928-1929 жылдары Қазақстанның 15 ауданында жаппай тәркілеу жүргізілген екен. Оның ішінде Шыңғыстау ауданы бойынша 14 адамның мүлкі алынған. Осы 14 адамның ішіндегі тізімде Ике Әділов, Тұрағұл Ибрагимов, Қаражан Үкібаевта бар. Бұл тізімді Болатбек Нәсенов өзінің «Абыралы-қанды жылдары (1905-1945 ж)» кітабының екінші бөлімінде жазған. Дерек Алматы қаласындағы орталық мұрағаттан алынған. Осы адамдарға қатысты шынайы деректер Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақталған құжаттарда да кездесіп отыр.
Мұрағатымызда сақталған (Қ-74 Семей аймақтық атқарушылық комитеті) қорда Тұрағұл Ибрагимов, Ике Әділов, Қаражан Үкібаевты жаппай тәркілеуге түскен кездерін айғақтайтын шынайы деректердің арасынан үзінділер келтіре кетуді жөн деп санаймыз.
Құжат мәтіндері көбінесе араб қарпімен жазылған екен. Оқырман қауымға ұсынылып отырған деректер орыс тілінде жазылған, еш аудармасыз береміз.
Тұрағұл Абайдың ең зерек балаларының бірі болған. Ол 1928-1929 жылдары тәркілеу кезінде көп қиыншылықтарды бастан кешіреді.
«Выписка из протокола № 27»
Заседания Окружной Комиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27 августа 1928 года
Слушали: Решение Чингизской Райкомиссии о выселении имущества Ибрагимова Турагула.
Постановили: В соответствии с решением Окркомиссии от 8 октября протокол №14 и телеграммой КЦИК НР 16881/5 выселить Ибрагимова Турагула (он же Кунанбаев) с членами семьи:
Первая жена Миса......58 лет,
Вторая Сахибжамал....53 лет
Сын Жабрайл...............25 лет,
Зубайр..................23 лет,
Сноха Рахия...................18 лет,
Канагат................25 лет,
Сын Алпарстан..............5 лет,
внук Кенесары.................3 года
С конфискацией 36,9 голов (в переводе на крупный) дома в 7 комнат с надворными постройками и шестиканатной кибитки, 1 ковра и с оставлением Ибрагимову и его семье 16 голов крупного скота 7 лошадей, 6 кулун, 2 взрослых верблюда и 25 баранов.
Верно. Қол қойылған.
Мына хаттамаға назар аударсақ.
Протокол №14
Заседания Комиссии по проведению декрета КАЗЦИК и СНК от 27 августа 1928 года.
8 октября 1928 года
Присутствовали: Члены комиссии-т.т Атаньязов, Кеммер и Мурзатаев.
Присутствующие: Упол. КЦИК-Сыргабеков
Коянбаев/ Упол. ОКрИК-а по Чингизскому району/
Председатель Атаньязов. Секретарь Агжанов.
Слушали: 1. Ходатайство Чингизской Райкомиссии о дополнении списка.
Постановили: В соответствии с решениями собрания бедноты и батрачества и других трудящихся масс аулов, Районной бедняцко-батрацкой конфискации и Районной Комиссии по проведению декрета Казахского Правительства от 27 августа с/г. в виду их усиленного ходатайства выдвинуть перед Правительством дополнительному включению в список выселяемых по Чингизскому району.
- Халиля Габбасова
- Турагула Ибрагимова / он же Кунанбаев/
- Мусатая Молдабаева, характеризуемых как известные руководители группировок, хотя первые два из них имеют незначительное количество скота, а последний бывший волуправитель, находится в административной ссылке в Рубцовском округе Сибирского края.
Настоящее решение Окружной Комиссии по телеграфу представить на рассмотрение КАЗЦИК-а.
П.п.Предс. Комиссии-Атаньязов. Члены: Кеммер. Мурзатаев.
Секретарь-Агжанов.
Выписка верна: Секретарь ОкрИК-а.
Ал келесі бір істе Ике Әділовті тәркілеуде (27 тамыз 1928 жыл) жүргізілген №3 хаттама тігілген, онда: «Әділов Ике 47 жаста, отбасы 7 адамнан тұрады. 196 жылқы, 500 бас қой, 20 түйе, 6 бас сиыр алынып, болыс басшысы, кеңес үкіметіне қарсы тұрған деген айып салынып, толық тәркіленсін» деп жазылған.
Басында айтылғандай, нақты айғақ беретін деректер ҰҚК-нің мұрағатында сақталған құжаттарда: «Әділов Ике - орта білімді, қазақ, Семей аймағының Шаған болысының №2-ші ауылында тұрады» делінген. Сондай-ақ, оның аса ірі бай екені, «Алаш Орда» үкіметіне материалдық жағынан үнемі көмек бергені және «Алаш Орда» әскерін ұйымдастыруға қатысқандығы туралы жазылады. Жаппай тәркілеуге түскенде Әділов Икенің отбасы мүшелерінің тізімі берілген, онда:
«Жена-Мақыш - 47 лет,
Жена Батика - 32 лет,
Сын Мукан - 9 лет,
Сын Наубат - 5 лет,
Сын Шапагат - 1 год,
Дочь Кайрия - 11 лет» деп көрсетілген.
Осы тізімдегі бір жастағы Шапағат (Шәпет) қазірде Алматы қаласында тұрады немере, шөбере сүйіп отырған, ардақты қария.
Қаражан Үкібаевтың тәркіге түскені жайлы жазылған құжатта:
«Выписка из протокола № 7»
Заседания Чингиставской Райкомиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27/VIII-28 г. состоявщегося 31/Х-28 г.
Слушали:
6. Дополнительные материалы в составе семейства и наличном скоте Укубаева Каражана.
Постановили: На основании имеющихся материалов состав семейства Укубаева Каражана определить в нижеследующем виде:
Укубаев Каражан- 62 лет,
Первая жена Айтжан- 58 лет,
Второя жена Казы- 40 лет,
Сын Бекетказы-8 лет,
Сын Слямгазы-7 лет,
Сын Амиргазы-5 лет,
Сын Токташ-23 года.
Из наличного скота в 139,43 кр. голов оставить труднорму в 16 кр. голов (9 взр. лош. 3 кунана, 1 корова, 20 овец).
Остальной скот и жилое помещение с надворными постройками конфисковать.
Выписка верна. Қол қойылған
Келесі хаттамаға назар аударайық:
«Выписка из протокола №3»
Заседания Чингиставской Райкомиссии по проведению декрета КЦИК и СНК от 27 августа 1928 г. состоявшегося 27, 28, 29 и 30 сентября 1928 года.
Слушали: 10. Доклад Уполномоченного по № 1 аулу б. Чаганской волости тов. Давлетбаева.
Постановили: Заслушав доклад тов. Давлетбаева и рассмотрев представленные материал Райкомиссия находит, что
Укубаев Каражан, числящийся по 1 гр. 66 лет, имеет 4 члена семейства, скота в переводе на крупный на 1/1-101,17 находящегося в руках С/Кошчи, в настоящее время 122 голов при царе был волуправителем, при белых активно участвовол в борьбе с красными со времени Совласти активно препятствует советизации аула, разжигает родовую вражду, за что постановлением Коллеги ГПУ в 26 году был выслан на три года, но бежал и по настоящее время находится, совместно с другим баем Адилевым Ике, в бегах, беднота №4 аула и Райконференция настаивает на его выселении и конфискации. В виду этого признать Укубаева Каражана подлежащим выселению и конфискации согласно ст. 5 декрета КЦИК и Совнаркома по ІІ группе, просить Окркомиссию это постановление утвердить.
Выписка верна: Қол қойылған
Кейіннен еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұл азаматтар ақталады.
Сонымен қатар, мұрағаттағы тағы бір құжатта Семей аймағы Шыңғыстау ауданының аса-ірі бай және кулактарының басқа республикаларға, аймақтарға және аудандарға жер аударуға жататындардың тізімі «құпия » деген белгімен берілген. Осы тізімнен мысал келтірсек:
Список Крупных баев и Кулаков Чингиставского района Семипалатинского Окр, намечанных к о выселению из района в др. республики, окр и района.
Список представляется в Семипалатинский Окр. ИК.
Согласно телеграфного Указания Сем. Ок ВКП (б.)
п.п |
Фамилия, Имя |
Социальная опасность |
Куда намечается выселить |
1 |
Аул «Самай»
Молдабаев Мусатай |
Алаш Ординец, руководитель родовой вражды, дворянин |
Из Республики |
2 |
Аул «Саржал»
Укибаев Жумжума |
Алаш Ординец, руковод родовой вражды |
Из Республики |
3 |
Аул «Атей»
Козбагаров Ахметжан |
Организатор Алаш Орды, руковод родовой вражды |
Из округа |
4 |
Аул «Кара жартас»
Азимбаев Берлеш |
Кулак, руководитель рода, Алаш Ординец |
Из округа |
5 |
Кудайбердинов Шакарим
Сыновья: Гафур, Кабыш, Зият, Акат |
Аксакал, Алаш Ординец, руководитель рода |
Из округа |
6 |
Аул «Кулмен»
Ибраев Микаил
Ибраев Зикаил |
Кулаки, руководители родовой группы |
Из округа |
аса-ірі байлардың дүниесі, мал-мүлкі тәркіленсін, отбасы мүшелері басқа жаққа жер аударылып жіберілсін деген хаттама жазылған. Хаттамада төмендегі азаматтардың: Сыдық Бураханов, Ұйпалақ Жынғожин, Кәкен Жақыпов, Ыдырыс Серғазин, Ақкенже Ақмағамбетов, Тауфик Базаров, Темірхан Баженовтің мыңдаған бас ірі қарасы тәркіленіп, бала-шағасымен қоса айдалып жіберілгені туралы нақты жазылып тұр. Осы есімдері жазылған азаматтар ұрпақтарының қалғаны да, қалмағаны да бар. Бірақ олардың есімдері тарихта мәңгі сақталатыны сөзсіз.
Елі мен жері үшін күрескен Алаш азаматтарына тән қасиет отаншылдық рухы-қазақ елінің әр замандағы қиын-қыстау сәтінде ерекше көрінгені тарихтан белгілі болып тұр.
ШҚО ҚЗТҚО. Қор. 74, т. 3, іс. 14
ШҚО ҚЗТҚО. Қор. 74, т. 4, іс. 1
ШҚО ҚЗТҚО. Қор. 74, т. 4, іс. 40
ШҚО ҚЗТҚО. Қор. 74, т. 4, іс. 71
ШҚО ҚЗТҚО. Қор. 74, т. 3. іс. 84
Түйін
Бұл мақалада қазақтың аса бай, ауқатты азаматтары Тұрағұл Ибрагимов, Ике Әділов, Қаражан Үкібаевтардың жаппай тәркілеуге түскенін айғақтайтын құжаттар ұсынылған. Осы азаматтардың өміріне қатысты деректер Семей қаласының мұрағатында сақталған.
Резюме
В данной статье освещается документы о конфискаций имущества крупных баев и феодалов Ике Адилова, Турагула Ибрагимова, Каражана Укубаева. Сведения об этих великих граждан хранятся в архивных фондах города Семей.
Лаура Қадырова
ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру
орталығының қызметкері.
|