







Жариялымдар / БАҚ мақалалары |
Ел Елбасымен бірге Таяуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы жалпыхалықтық референдум өткізуді бастамашыл топ өкілдері үлкен жолға қойды. Мұрағат қорында 1995 жылғы 29 сәуірде өткізілетін Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2000 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде Республикалық референдумға байланысты Қазақстан Республикасының орталық комиссиясының жүргізген жұмыстары жазылған Қ-810, т.2, іс. 1,2,3,4,5 қордың атауы (Семей облыстық әкімшілігі) құжаттары бар. Құжаттарда Референдумге әзірлену және оны өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары, Қазақстан Республикасы орталық референдум комиссиясының қаулысы, Республикалық референдум туралы анықтама жазылған. Сонымен қоса осы шараға байланысты Семей облысының әрбір мекемелері, кәсіпорындарының дайынтықтары жайлы мәліметтер тіркелген. Осы құжаттарға қарасақ сол кезде өткізілген референдумға бүкіл Семей халқы бір ауыздан қатысқанын көруге болады. Қ-810. т.2, іс.313 құжатта 1993 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының президенті Н.Әбішұлының Семейге келіп қала жұртшылығымен кездескендегі баян етіледі. Елбасымыз Семейге ат басын тіреп, көптеген мәселелерді шешкен екен. Мысалы: қазір қаламызға көрік беріп тұрған үлкен аспалы көпірдің құрылысын бастау, Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтына мемлекеттік университет мәртебесін беру, Семей облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы туралы сұрақтарды қарастырған. Елбасымыз 2007 жылы қаламыздың «Семипалатинск» атауын «Семей» деп өзгертті. Бұл өзгеріске де халық ризашылықтарын білдірді. Ал 2009 жылы Елбасымыз Семейге келіп «Өлімнен күшті » монументінде бүкіл Семей халқымен кездесіп, халықты құттықтады. Бұл туралы нақты деректер мұрағатымыздың газет қорларындағы жазылған мақалалардан көреміз. 19 жылдық тарихы бар Егеменді елімізді дүние жүзіне паш ететін тарихи оқиғалардың барлығы Ел басымыздың бастамасымен жүзеге асты. Тұңғыш Ата заңымыз қабылданып, елтаңбамыз, әнұранымыз, туымыз көкке самғап ұшты. Ана тіліміз мемлекеттік тілге айналды. Қасиетті қарт Семейдің қасіретіне айналған ядролық сынақ жойылып, халықтың арманы орындалды. 1991 жылы тамыздың 29-ында «Семей ядролық полигонын жою туралы » президентіміз Н.Ә Назарбаев жарлыққа қол қойып, шешім шығарды. Ия, кешегі өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммиті бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы бола отырып, қазақ тарихына қалатын мәңгілік оқиға болса, ал ертеңгі болатын қысқы Азия ойындары бұл да Егеменді Қазақстанды бүкіл әлемге танытатын елеулі спорт жаңалығы деп білеміз. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жүзеге асыратын, әлемдік қауымдастыққа өз ұстанымын бекіткен ел ретінде көрініп отыр. Тәуелсіз Қазақстанымыздың туы биіктен көрініп, қазақ қырандары көкте самғап ұшып, жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға шарықтай түсетініне бәріміз сенеміз. Барлық Қазақстандықтардың мерейін үстем еткен, еліміздің тыныштығын ойлап, дамыған елдердің қатарында көрінуімізге бар күшін салған, Қазақстан Республикасының өсіп-өнуі жолында еңбек етіп келе жатқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына мықты денсаулық тілеп, «қазақ» деген елімен бірге жасай беруін тілейміз!
Л.Қадырова
|