







Алпысов Тұяқбай 1919 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы №7 ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Кеңес-финляндия соғысына қатысты. 1941 жылғы желтоқсанда Отан соғысы майданына шақырылды. Бас қолбасшылық резервінің 60-шы жеке прожекторлық ротасының электригі болды. Солтүстік Кавказ, Украина майдандарында соғысып, Румыния, Болгария, Чехословакия, Венгрияны азат етуге қатысты.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Т. Алпысов «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталды.
Соғыстан кейін Семей қаласында тұрды.