Құрметті Семей қаласының және Абай ауданының тұрғындары!

2023 жылдың мамыр айында біз Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген Жеңістің 78 жылдығын атап өтеміз. Бұл күн тағдырдың жазуымен миллиондаған адам өмірін қиған 20-ғасырдың осынау қасіретті құбылысына қатысы бар миллиондаған адамдар үшін салтанатты да, қайғылы да. Ал сол сұрапыл да қанды жылдардағы жауынгерлердің ұл-қыздары, немерелері мен шөберелері болып отырған бүгінгі ұрпақ басымыздағы бейбіт аспанға қандай бағамен ие болғанымызды ұмытпауымыз керек.
Архившылардың міндеті – Ұлы Отан соғысының еліміз үшін ең ауыр жылдарындағы нақты адамдар мен отбасылардың өмірі туралы аса құнды дереккөздерді ұрпаққа сақтап қалу. Қазіргі заманғы тарихты құжаттау орталығы Ұлы Отан соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы материалдарды жинақтау бойынша жұмыс жүргізді, жүргізіп жатыр және жүргізетін болады. Қазіргі уақытта  ҚЗТҚО  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің ерліктерін айғақтайтын көптеген құжаттарды жинады.
Бүгiнде бiз халық ерлiгi жөніндегі мәліметтерді бiрте-бiрте жинап, қалпына келтiруді жалғастырудамыз. Өткенді білмей, бүгінгіні толық түсіну және сүю мүмкін емес. Батырлар даңқын көздің қарашығындай сақтап, Отанға аянбай қызмет етудің эстафетасы ретінде келер ұрпаққа аманат ету - замандастардың  абыройлы  борышы.
Семей қаласының барлық тұрғындарынан  жеке архивтерінде соғысқа дейінгі жəне соғыс кезеңдерінің құжаттары мен фотоматериалдары бар болса  мемлекеттік  сақтау орнына , яғни Казіргі заманғы  тарихты құжаттау орталығына тапсыруларынызды сұраймыз.
Құжаттарды тапсыруға байланысты барлық сұрақтар мына  56-38-46 телефондары бойынша (Яковлева Наталья Владимировна) немесе Семей қаласы, Абай көші 84, мекенжай бойындағы №7 кеңсесі жеке хабарласуға болады.