Мемлекеттік қызмет көрсету

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғаларға архивтік анықтамаларды беру бойынша электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында күн сайын «Е-акимат» ақпараттық жүйесінде сұраныстарды тіркеу және электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардан сұраныстарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жеке қабылдау кезінде де, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалдары «электрондық үкімет» веб-порталы (ЭҮП) арқылы да жүзеге асырылады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының енгізілуіне байланысты, цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік архив және оның филиалдарымен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы архив мекемелеріне орындауға келіп түскен өтініштердің санын арттыруға бағытталған халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Халықты мемлекеттік қызметтерді алудың балама тәсілдері туралы ақпараттандыру мақсатында Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін алу туралы жадынамалар таратылады. Осы мақсатта мемлекеттік қызметті алу тәсілдері көрсетілетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметі» жайлы ақпараттық - түсіндірмелі бейнероликтер мемлекеттік және орыс тілдерінде  түсірілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Электрондық қызметтер орталығы» (ЭҚО) интернет-порталы іске қосылды https://e-vko.gov.kz.

Осы сайтта ҚР резиденттері және жақын және алыс шетелдердің резидент еместері еңбек өтілі, оқығаны жайлы, елді-мекенде тұрғаны, туу туралы, неке жайлы, қайтыс болу, ордендермен және медальдармен марапаттау туралы, жергілікті атқарушы билік органдарының әртүрлі мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы туралы, атап айтқанда жер учаскелерін бөлу, тұрғын үй беру туралы сұрау салулар, туыстық қатынастар туралы генеалогиялық деректер, сот шешімдері туралы сұраныс жібере алады.

Сұраныс жасау үшін сауалнаманы толтырып сұраған кезеңдердің электрондық құжат көшірмесін тіркеу қажет.