







Валерий Васильевич Белоножконың туғанына 60 жыл. Ол Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Семей Өзен Флоты Техникумын бітірген. 1980 жылдан 1983 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында матрос-сүңгуір болып қызмет атқарды.
1986 жылдан 1987 жылға дейін Павлодар облысы Өрт күзеті бөлімінің ВПЧ-51 өрт сөндірушісі, 1987 жылдан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Семей облысы ІІБ СВПЧ-77 өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші, бөлімше командирі қызметін атқарған. В.В.Белоножко 1993 жылғы 4 желтоқсанда «Цемент» Акционерлік қоғамының көмір себу цехы ғимаратында шыққан өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен өртті сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ішкі қызмет прапорщигі В.В.Белоножко «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін). Семей қаласының көшелерінің біріне оның есімі берілген.