Жасанды интеллект технологиялары
17-18 желтоқсан күндері Семей қаласында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында семинар өтті. Семинарды Астана қаласының «КерекИнфо» ЖК Медиа-ЖИ өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – мәдени үйлері, музейлер, архивтер мен тіл мамандары қызметкерлерінің жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру, оңтайландыру және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Семинарға Аягөз филиалының архившілері Алимжанов Д.Д., Кенжебекова Ж.О. қатысты.
Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары бүгінгі таңда архив ісін басқару мен құжаттарды сақтау саласында нағыз революция жасап жатыр. Негізгі қолданылу бағыттар: қолжазбаларды тану және цифрландыру (OCR&HTR). Ең маңызды бағыт – көне қолжазбаларды автоматты түрде оқу; Құжаттарды автоматты түрде жүйелеу және индекстеу. Архивтегі миллиондаған файлдардың арасынан қажетті ақпаратты табу үлкен мәселе; Реставрация және фото/видео контентті қалпына келтіру; Архивтерде сақталған ескі суреттер мен таспалар уақыт өте келе сапасын жоғалтады (түсті қалпына келтіру, сапасын арттыру). Осындай сынды бірқатар мәселелерді шешуге ЖИ-тің көмегімен шешуге болатынын ұйымдастырушы түсіндірді. Семинар қызықты әрі мазмұнды болды.
Семинар соңында қатысушыларға семинарға қатысып, заманауи цифрлық тәсілдер бойынша теориялық және практикалық білім алғаны үшін сертификаттар табысталды.