Кәсіби мереке –архившілер күні құтты болсын

22 желтоқсан 2025 жылы "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Күн сайын архившілер архив қорларын жаңа құжаттармен толықтыру, тарихи маңызы бар дереккөздердің сақталуын қамтамасыз ету, оларды ғылыми және мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдалану бойынша күрделі және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды орындайды.

Архив қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында біздің тарихымыз, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің деректі мұрасы мұқият сақталады, ұрпақтарға қажет өткен  кезеңнің шежіресі жасалады.

АОМА директоры Б. Т. Мусин әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, болашақ ұрпақ үшін бай тарихи-деректі мұраны сақтауға мүмкіндік беретін қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

image-1332-2176.peg

АОМА атынан архив мамандары Т. С. Адилбеков, А. Б. Ахметжанова, А. К. Дюсембаева, К.Г. Әбдікәкім, Ж. Е. Куюков, Г. В. Подскребаева, Т. Ж. Ошакбаев, Б. З. Киыкпаев, А. С. Айтказина, М. Е. Өмірзақтарға  алғыс хаттар табыс етілді.

image-1332-2177.peg

Директордың орынбасары М. И. Перебеева, архив кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Ж. Аубакирова әріптестерін архившілер күнімен құттықтап, қоғам мен мемлекетке аса қажет жұмыста жаңа жетістіктер, зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі!

image-1332-2178.jpg