Архившілер күні
22 желтоқсанда Қазақстан Республикасында архившілер күні атап өтіледі. Дәл осы күні, 1998 жылы Ұлттық архив қоры туралы заң қабылданды. Қазақстан архившілерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Абай атындағы әмбебап облыстық кітапханада Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен архив мамандарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараны басқарма басшысы Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы ашты. Ол архившілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, сондай-ақ "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ архившілеріне және облыстық аудандық архив қызметкерлеріне архив саласындағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төсбелгілер мен грамоталар табыс етті.
«Қазақстандық салалық, мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Абай облысы филиалының төрағасы Гүлнар Бақдәулетқызы Оразбекованың атынан "Абай облысы мемлекеттік архиві"КММ қызметкерлеріне белсенді жұмысы және кәсіподақтың дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгілер мен алғыс хаттармен марапатталды.