Ұлттық құндылықтарды сақтау миссиясы
Архивші күні – әр жыл сайын 22 желтоқсанында аталып өтетін кәсіби мереке. Бұл күні архивші мамандарының еңбегін дәріптеуге, тарихи құжаттарды сақтаудың маңыздылығын көрсетуге арналған. Архившілер – ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және құндылығымызды болашақ ұрпаққа жеткізетін адамгершілігі жоғары мамандар.
Архив мамандарының негізгі қызметі: тарихи құжаттарды жинау, жүйелеу және сақтау; құжаттардың физикалық және цифрлық түрде ұзақ мерзім сақталуын қамтамасыз ету; ұрпаққа ұлттық тарих пен мәдени мұраны жеткізу; зерттеушілер мен қоғам үшін құжаттарға қолжетімділікті ұйымдастыру.
Архивші – тек құжат сақтаушы ғана емес, ұлттық тарихтың тірі куәгері.
Құжаттар – ұрпаққа аманат. Мемлекеттік тарихи жазбалар, қаулы мен шешімдер; мәдени, білім және өнер саласындағы деректер; жеке хаттар, естеліктер және фотосуреттер; соғыс және тарихи оқиғаларға қатысты материалдар сынды маңызды аманаттар сақталған. Архившілер бұл құжаттарды сақтай отырып, ұлттық тарихымызды қорғау миссиясын атқарады.
Архившілер күні – ұлттық құндылықтарды сақтау миссиясын атап өту күні. Архившілердің еңбегі арқылы біз өз тарихымызды білетін, өткенді құрметтейтін және болашаққа сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелейміз. Ұлттық тарихымыз бен құндылықтарымызды сақтау – әрқайсымыздың парызымыз.
Әрбір құжат тарихтың тынысы, әрбір парақ уақыттың куәсі демекші, жалпы архив өткеннің үнін сақтап, болашаққа жол сілтейді.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзі: «Шаң басқан архивтерден табылармыз..» - бұл әрбір архившілердің миссиясын айқын көрсететін ұлағатты ой. Өткенді сақтау, ұрпаққа жеткізу – тек кәсіби міндет емес, ұлттық борышымыз деп білеміз.
Сондықтан әрбір архив маманының еңбегі – ұлтқа қызмет, тарихқа құрмет және мәдени мұраға адалдық. Біз шын мәнінде «Шаң басқан архивтерден табылармыз» және сол арқылы ұлттық болмысымызды сақтаймыз дей келе Аягөз филиалы барша Қазақстан Республикасының ұлттық тарихымыздың тірі куәгерлерін, өткенді болашаққа жеткізушілерді кәсіби мерекемізбен – Архившілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, ұқыптылықтарыңыз бен адалдықтарыңыз – ұлттық құндылықтарымызды сақталуының кепілі. Денсаулық, бақыт және кәсіби табыс тілейміз!