«Архив ісіндегі жасанды интеллект» атты семинар
17-18 желтоқсанда Семей қаласында "Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" ММ "архив ісіндегі, тіл саясатындағы және мемлекеттік құжаттардағы жасанды интеллект (АИ)"тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты архив қызметкерлері мен тіл мамандарының жасанды интеллектті пайдалану дағдыларын жетілдіру, ақпараттық-аналитикалық жұмысты оңтайландыру және цифрлық сауаттылықты арттыру болды.
Мамандарды оқытуды "Mearas" компаниясының өкілі, дизайнер-иллюстратор Батыр Хамзаұлы жүргізді, ол жасанды интеллекттің құрылу тарихы, оны өмірдің барлық заманауи салаларында қолдану аясын кеңейту, жақын арада қандай мамандықтарды жасанды интеллектпен алмастыруға болатындығы туралы айтты.
Жұмыс барысында АИ қолдану есебінен уақытты үнемдеуге және жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты ЖИ түрлерімен таныстырды.
Семинар жұмысына АОМА мамандары қатысты: әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы М. Ж. Аубакирова, құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. С. Сүлейменова, ведомстволық архивтер мен құжаттамаларды жинақтау және инспекциялау бөлімінің басшысы Б. Е. Майкенова, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А. К. Мукатова, ғылыми- анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің м. а. Бижанова А. Б., археограф Шалыгин А. Е., архивистер Карындашова М. Б., Есергепова З. О., Ақшабаева С. К., Абдолдинов М. М.
Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптар бойынша маманға сұрақтар қойып, шағын тест тапсырды. Семинар қызықты әрі танымды өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.