«Әкелі - балалы қос тұлға!» фотокөрмесі
26 қараша 2025 жылы "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ "Көлік колледжі" КМҚК оқушыларына дәріс өткізді.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің архившісі А. К. Дюсембаева "Әкелі-балалы қос тұлға Шәкәрім мен Ахаттың архив қорындағы құжаттары жайлы" атты дәріс оқыды, онда АОМА –де сақталған Шәкәрімнің фотосуреті мен Ахат Шәкәрімұлының өлеңдері жинағы, Шәкәрім есімі көрсетілген Шыңғыстау ауданының кулактар тізімі, Шәкәрім отбасы мүшелерін жер аударуға қатысты құжаттар көрсетілді.
Қонақтардың назарына «Әкелі - балалы қос тұлға!» фотокөрмесі ұсынылды.
Архив қоймасына шолу экскурсиясын Қ.Әбдікәкім өткізді. Ол оқушыларды аса құнды құжаттармен таныстырып, архив қорларын сақтау шарттары туралы айтып берді.
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.К. Мукатова архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру үшін заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетті.
