2025 жылғы 21 қарашада мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де «Архив-2025» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде шығарылған құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге «АОМА» КММ директоры Б. Т. Мусин, директордың орынбасары М. И. Перебеева, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысының м. а. А. Б. Бижанова, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің археографы А. Е. Шалыгин, Шәкәрім университетінің аға кітапханашысы А. Мұратаева, «Alikhan Bokeikhan Universit» білім беру мекемесінің кітапхана меңгерушісі Р. Б. Мұсабалинова, балалар мен жасөспірімдер кітапханалар кітапханашы Аталық В. М., орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі М. О. Маханбетова, «Көлік колледжі» КМҚК кітапханашысы Ш. Т. Мырзаханова, №12 кітапхана-бөлімшесінің кітапханашысы Г. М. Кенжеханова, КМҚК электротехникалық техникумының оқытушысы, «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшесі Гидулян Н.Л. қатысты.



Қонақтардың назарына «Хранители времени», «Развитие культуры в Восточном Казахстане (XIX-40-е годы ХХ в.)». «Шығыс Қазақстандағы мәдениетті дамыту (ХХ ғасырдың XIX-40 жылдары)», «Развитие здравоохранения в Восточном Казахстане (XIX-40-е годы ХХ в.)». «Шығыс Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамыту (ХХ ғасырдың XIX-40 жылдары)», «Подъем целинных земель в Семипалатинском Прииртышье, 20-50-е гг. ХХ в.». «Семей Ертіс өңіріндегі тың жерлерді көтеру, ХХ ғасырдың 20-50 жылдары», «И помнит мир спасенный» атты құжаттар жинақтары ұсынылды.
Іс-шараны «АОМА» КММ директоры Б.Т. Мусин ашты, ол өлке тарихын зерттеуде, жастарды патриоттық тәрбиелеуде архивтік құжаттардың маңыздылығын атап өтті. Архивтік құжаттарды цифрландырудың және пайдаланушылар шеңберін кеңейту үшін оларға қашықтан қол жеткізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Тұсаукесер барысында қатысушылар «АОМА» қорларының құнды құжаттарымен: «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлерінің жеке істерімен, Кеңес Одағының Батыры Н.Н. Силиннің, белгілі өлкетанушы В. Н. Кашляктың, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері А. А. Козбагаровтың жеке қорларының материалдарымен танысты.
Іс-шара соңында қонақтар сыйлық ретінде кітапхана қорларын толықтыруға арналған «АОМА» КММ-де жарық көрген құжаттар жинағын алды.