Семинар

2025 жылдың 23 қазанында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалының архившісі Д.Д.Алимжанов Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымындағы  №279-НҚ бұйрығымен бекітілген үлгілік құжаттар тізбесінің жаңаруына байланысты «Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандарымен бірлесе отырып істер номенклатурасы бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында жаңа үлгілік құжаттар тізбесімен 2026 жылға істер номенклатурасын құрастыру тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.