Республика күні
24 қазан 2025 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив архив ісі басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ашылды. Жүргізушілер ҚР Ұлттық мерекесінің құрылу тарихы туралы мәліметтер берді.
"АОМА" КММ директоры Б.Т. Мусин архившілерді келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тіледі.
Іс-шара соңында архившілер республика күніне арналған фильмді тамашалады.