«Республика рухы- архивқұжаттарында» атты ашық сабақ
2025 жылдың 22 қазанында Республика күні мерекесі қарсаңында Президентіміздің ұлттық құндылығымызды жас ұрпаққа дәріптеу, көрсету керек деген тезистеріне орай Аягөз филиалының ұйымдастыруымен Абай облысы білім басқармасының Аягөз білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-де «Республика рухы-архив құжаттарында» атты 6-сынып оқушыларына арналған танымдық ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – жас ұрпаққа егемендіктің маңызын түсіндіру, ел тарихы мен архив құжаттарының құндылығын дәріптеу.
Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, ойын, тест және сұрақ-жауап түріндегі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар арнайы Аягөз филиалы директорының мақтау қағаздарымен марапатталып, оқушыларға Қазақстан Республикасының шағын тулары сыйға берілді.
Сабақ өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар еліміздің тарихына деген қызығушылықтары мен патриоттық сезімдерін арттырды.