







"Архив және болашақ ұрпақ" атты ашық есік күні өтті
2025 жылдың 19 қыркүйегінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ жыл сайынғы ашық есік күнін өткізді. Бұл шараға "Alikhan Bokeikhan university" ББ бірінші, үшінші және төртінші курс студенттері, Жоғарғы гуманитарлық-заң және техникалық колледжі студенттері және "№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ 8-сынып оқушылары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты: жастарды тарихты зерделеуге баулу, Отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу; сондай-ақ архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру.
Іс-шараны АОМА директоры Б.Т. Мусин ашты, ол архивтің қоғам өміріндегі маңыздылығы және архив құжаттарының жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы айтты.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қонақтарды "Архивтің бүгінгі тынысы" фотокөрмесімен таныстырды.
Дәрісте АОМА-ның ғасырлық тарихы туралы айтылды, студенттерге архив мамандары құрастырған құжаттар жинағы, Абай облысы мемлекеттік архивінде сақталған В.Н.Кашляктың жеке коллекциясынан ескі қаланың фотосуреттері, сонымен қатар Алаш қайраткелерінің жеке іс қағаздары көрсетілді. Дәріс соңында викторина ұйымдастырылды.
"Прииртышье" өлкетану қоғамының өкілдері студенттерге ертеректе мәтіндерді жазу тәсілдері туралы айтып берді, содан кейін студенттер қаз қаламымен жазуға машықтанып, қолтаңбаларын қалдырды.
Архив қоймасына шолу экскурсиясын М. Б. Карандашова өткізді. Олар студенттердің назарына аса құнды құжаттарды ұсынды және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.К.Мукатова архив мәтіні өшіп бара жатқан құжаттардың жұмысы туралы айтып берді. Осы бөлімінің архившілері А. Е. Ахметов, А. Е. Шалыгин және К. С. Узбаканов архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіру үшін заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетіп, студенттерге ескірген техника қойылған шағын музейді көрсетті.
Реставратор А. Б. Ахметжанова құжаттардың сыртқы келбетін қалпына келтіру әдісін көрсетті.
Соңында қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алған әсерлерімен бөлісіп, естелік ретінде суретке түсті.