







Жарма филиалында ашық есік күні өтті
2025 жылдың 19 қыркүйек күні Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ Жарма филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға Қалбатау ауылының Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның оқу ісінің орынбасарыСарсембекова Жұлдыз Манапқызы, мұғалімі Сембинова Меруерт Даулетбековна және 8 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында филиал архившісі Сахарина Жамал Нуртугановна архив тарихымен, архив мекемесінің қандай қызмет атқаратынын баяндап берсе, қор сақтаушысы Моллахаджиева Гульбахар Максутовна мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың сақталу талаптары және жағдайымен таныстырды. Оқушылар сақталудағы ең көне құжаттарын, соғыс ардагерлерінің жеке тектік құжаттарын көріп, қызығушылық танытты. Сондай-ақ, оқушылар сұрақтар қойып, архивші мамандығы жайлы толық ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени-деректік мұраға құрмет сезімін қалыптастырады.