







Аягоз филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні
2025 жылдың 19 қыркүйек күні Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягоз филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және қала тұрғындары қатысты.
Келушілерге мазмұнды бағдарлама ұсынылды: оқу залы, құжаттарды қалпына келтіру шеберханасына, архив қоймасына экскурсия, «Отбасылық архивті қалай құруға болады?» атты шеберлік сабағы, «Құжатты тап» атты квест-ойын және сирек кездесетін құжаттар көрмесі. Әсіресе, жас буын өкілдері интерактивті ойындарға ерекше қызығушылық танытты. Қатысушаларға Аягөз филиалы директоры алғыс грамоталарымен марапаттады. Шеберлік сабақта арнайы дайындалған «7 қадам отбасылық құжаттардан жеке архив қорын құру жолы» жадынамалар таратылды.
Кездесудің атмосферасы жылы әрі достық жағдайда өтті. Қонақтар алғаш рет архив құжаттарын жақыннан көріп, олардың сақталу ерекшеліктерімен танысты.
Шара соңында архив қызметкерлері мұндай кездесулерді дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Өйткені архивтің ашықтығы мен қолжетімділігі тарихты құрметтеуге, жас ұрпақтың ізденіс қабілетін арттыруға ықпал етеді.