







Жарма филиалының ұжымы ҚР Президентінің Жолдауын тыңдап, талқылады
Бүгін Жарма филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдады. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі бағыттар мен елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты маңызды міндеттер қарастырылды.
Жолдауды тыңдағаннан кейін филиал ұжымы оның негізгі тұстарын талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ архив «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобаның іске асыру барысы және Елімізде АЭС салу бағытындағы маңызды мәселелерге ерекше назар аударылды.
Ұжым Президент бастамаларын толық қолдайтынын білдіріп, қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екендігін жеткізді.