







2025 жылы 5 қыркүйекте Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ Қазақстан халқы Тілдері күніне орай "Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте" атты танымдық сағат өтті.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдері күні болып жарияланғанын айтты. Сонымен қатар, 5 қыркүйек - қазақ ағартушысы, лингвист, түркітанушы ғалым, педагог және саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновтың туған күні.
Қазақстан халқы тілдері күні, бірегей мереке - біздің көпұлтты мемлекетіміздің бірлігінің, мәдениеттері мен тілдерінің алуан түрлілігінің символы.
Іс-шараға келген қонақтар үшін архившілер А. Е. Шалыгин мен А. Б. Бижанова мемлекеттік тілде өлең оқып, қазақ мақал-мәтелдерін білуге арналған викторина өткізілді.