







2025 жылы 29 тамызда "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ-Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
АОМА директоры Б. Т. Мусин ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, Конституция Тәуелсіздікті нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және демократиялық мемлекет құруға берік негіз болатынын атап өтті.
Конституцияның 30 жылдығына арналған бейнеролик көрсетіліп, архивтің кәсіподақ комитеті мектеп жасындағы балалары бар әріптестерін құттықтап, сыйлықтар табыс етті.