







Аягөз филиалында архив қорлары бойынша ыңғайлы іздеу навигаторы әзірленді
«Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында архив қорлары бойынша ыңғайлы іздеу навигаторы әзірленіп, енгізілді. Ол электрондық құжаттарға қол жеткізуді жеңілдету, іздестіруді жеделдету және архивтік ақпаратпен жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.
Навигатор еренсілтемелері (гиперссылка) бар кесте болып табылады, ол қажетті файлдар мен қор сипаттамаларына жылдам көшуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы нөмірі, тақырыбы немесе атауы бойынша қажетті істі оңай таба алады.
Бұл жобаны 2025 жылғы 22 шілдеде Аягөз филиалының архившісі Сатимбекова Жадыра Базаровна Аягөз филиалында таныстырды. Онда филиалдың архившілері, атап айтқанда Б.О.Бостанова, К.К.Чуенбекова, А.Б.Ахмешов, Д.Д.Әлімжанов, Н.Е.Бязкенова қатысты.
Жоба Excel бағдарламасы негізінде іске асырылды және архив қызметкерлерінің ішкі пайдалануына бейімделген.
Навигаторды толтыру және жетілдіру жұмыстары жалғасуда.