Аягөз филиалында зерттеу жұмысы өтті

2025 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында зерттеуші Ахметказин Рашид Кадырович «Семей облысы Аягөз ауданының Тарбағатай совхозын құру» тақырыбында жұмыс жүргізді.

Зерттеушіге Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтама кітап берілді (1920-2002 жж.)

Анықтамада Шығыс Қазақстандағы бірнеше онжылдықтағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер хронологиялық реттілікпен көрсетілген. Әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының ғана емес, аудандардан бастап елді мекендерге дейінгі барлық қайта атаулардың өзгерістері байқалған. Анықтама тарихшыларға, архивистерге, өлкетанушыларға және облыс тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Сондай-ақ, зерттеуші Ахметказин Рашид Аягөз агроөнеркәсіп комбинатының «Тарбағатай» овцесовхозының және Семей облысы Аягөз ауданы халық депутаттары Үшарал ауылдық Кеңесінің тізімдемесімен жұмыс жасады. Зерттеу жұмыстары 1959-1964 жылдардағы құжаттарды қамтыды.