"АОМА" КММ оқу залының 2025 жылғы 1 жартыжылдық жұмысы туралы

2025 жылы  бірінші жартыжылдықта АОМА оқу залы белсенді жұмыс жасады.

Оқу залына келушілер келесі тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді: «История создания и деятельность музея Ф.М.Достоевского в г.Семей», «Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Семей және денсаулық сақтау», «Создание Семипалатинского ядерного полигона и последствия его деятельности»,  «ХХ ғ. басында ашылған, Семей губерниясына қарасты Қарқаралы педтехникумы туралы», «Малый Октябрь в Казахстане (1925-1939 г.г.) и изучении периодической печати за обозначенный период». «Тәуелсіздік Қазақстанның шағын және моноқаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңірі мысалында)».

image-1293-2071.peg

Зейнеткерлік жастағы адамдар тарихи құжаттарға үлкен қызығушылық танытады. Кейбіреулер өздерінің отбасылық шежірелерін зерттейді, ал басқалары өлкетану кітаптарын шығару үшін ақпарат жинайды. Оларды туған өлкенің тарихына байланысты құжаттар қызықтырады.

ХХ ғасырдың басында жарық көрген газеттер, сондай-ақ АОМА-де сақталған заманауи мерзімді баспа материалдары ерекше сұранысқа ие.

Оқу залының қызметкерлері архивтік құжаттарды пайдалану кезінде зерттеушілерге әдістемелік көмек көрсетеді, қызығушылық тудыратын ақпаратты іздеу бойынша ұсыныстар береді.

2025 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік архивтің оқу залында 60 зерттеуші (оқу залына келу  297) болды.

image-1293-2072.peg

Сондай-ақ, архивтік құжаттарды ғылыми айналымға енгізу негізіндегі жұмыс шеңберінде АОМА директоры Б.Т. Мусин және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің " Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" бөлімінің басшысы К.В. Черепанов архившілер  мен тарихшы-ғалымдардың байланыстарын кеңейтуге ықпал ететін "Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға" қол қойды.