







«Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған семинар-практикум
2025 жылдың 23-24 маусымында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві»КММ кәсіподақ төрайымы Аубакирова М.Ж Dolce Vita Alakol демалыс орталығында өткен Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған «Мәдениет және спорт-кәсіподақ идеяларын насихаттау құралы» атты облыстық семинар-практикумға қатысты.
Сонымен қатар талқылаған мәселелер:
-республикалық бюджет қаражаты есебінен біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлеріне (қызметтік және өндірістік үй-жайларды тазалаушыларға, күзетшілерге) лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуді жүзеге асыру туралы мәселені шешуге жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.
- Архив саласы қызметкерлерінің барлық санаттарында жұмыс өтілін ұлғайтуға байланысты коэффициенттерді арттыру жағына қарай қайта қарау.
Қортындылай келе Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы-қоғамдық бірлестігінің төрайымы Иманқұлова С.К. осы мәлелерді қарастыратынын жеткізді.