







Жас архившілердің VIII Халықаралық жазғы мектебі
2025 жылы 10-13 маусым аралығында Астана қаласында жас архившілердің VIII Халықаралық жазғы мектебі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өткен шара «Архивтерді цифрлық түрлендіру және құжаттық мұраны сақтау» тақырыбына арналды.
Оған Қазақстанның 14 облысынан және жақын шетелдерден 100-ден астам маман қатысты.
Абай облысы мемлекеттік архивінен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің архившісі Куюков Ж.Е.архившілердің жазғы мектебінде оқудан өтті.
Қатысушылар Қазақстан мен Ресейдің архив ісі саласындағы жетекші мамандардың дәрістерін тыңдап, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа архив ғимараты қабырғасында шеберлік сыныбына қатысып, тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өз жобаларын қорғады.
Қорғау қорытындысы бойынша VIII Халықаралық жазғы мектеп қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.