Зерттеушілер Аягөз филиалында

2025 жылдың 16 маусымында тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, "Ғылым ордасы" ғылыми кадрларды даярлау орталығының жетекшісі, қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, ХАА академигі Уалтаева Алтын Слямкайдарқызы Аягөз филиалы архивіне келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу тақырыбы-ШҚО шағын қалаларының тарихы.

image-1290-2064.peg

Өз кезегінде Аягөз филиалы архиві Алтын Слямқайдарқызына біздің архивке келіп, архив қорларымен жұмыс істеуге қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Бізден алынған материалдар ғылыми-зерттеу жұмыстарыңызда пайдалы болады деп сенеміз. Біз сізді тағы да көруге қуаныштымыз.

image-1290-2063.peg