







Шағын-футболдан жарыс өтті
31 мамыр 2025 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен мәдениет қызметкерлері арасында футболдан шағын турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты: ұжымаралық ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ командасы құрметті II орынға ие болды.
Ойыншылар ұйымшылдықты , шеберлікті көрсетті және жанкүйерлерге жағымды эмоциялар сыйлады.