Мәдениет қызметкерлерінің форумы

19-22 мамыр 2025 жыл аралығында  Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мәдениет қызметкерлерінің форумы өтті.

image-1257-2005.peg

Іс-шараның негізгі мақсаты-саланың негізгі жетістіктерін таныстыру, саланың кәсіби қоғамдастығын көтермелеу мен қолдаудың тұрақты дәстүрлерін қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет және архив қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету.

image-1257-2006.peg

Форумға республикалық және өңірлік мәдениет және архив ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Форумда  Абай облысынан делегация құрамында болған Абай облысы мемлекеттік архиві директоры Б. Т. Мусин  "Кітапхана және архив ісі" атты 3-ші  секциясының жұмысына қатысты, онда қатысушыларға "Жаңа технологияларды қолдана отырып архивтік  құжаттарды қалпына келтіру" шеберлік сабағы және "Цифрлық дәуірде құжаттық мұраның сақталуын қамтамасыз ету" семинар–тренингі ұсынылды.

image-1257-2007.peg

Форум тәжірибе алмасу және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін маңызды пікірталас  алаңына айналды.

image-1257-2008.peg