







Зерттеушілер архивте
Ағымдағы жылдың мамыр айында "АОМА" КММ Жарма филиалында Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этиология институтының жетекші ғылыми қызметкері, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің басшысы Черепанов Константин Владимирович зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу тақырыбы: "Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңірінің мысалында)". Жұмыс барысында Шар ауданы Шар қаласы әкімінің 1992-1994 жылдардағы құжаттары (қаулылары, шешімдері) зерттелді. Константин Владимирович филиал директорының, сондай-ақ архив қызметкерлеріне ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.